-Суықтан қорғану үшін бірнеше қабат киім киіңіз. Қабат-қабат киімнің арасында қалатын ауа денедегі жылуды сақтап қалуға көмектеседі.
-Аязды күні тоңып қалмас үшін киініп қана қоймай, дұрыс тамақтану да керек. Біздің халқымыз қыста ыстық сорпа мен ет жеп, көже ішіп үйренген. Мамандардың айтуынша, бұл өте дұрыс екен. Күн суықта диета ұстаған орынсыз. Өйткені бізге белгілі диеталардың дені ауа райы жұмсақ елдерге лайықталған. Ал аязды күндері және қара суықта адам ағзасындағы энергияның көбі денені жылытуға жұмсалады, сондықтан күнделікті ас мәзірінде май мен протеиннің мол болғаны жөн. Мұндай тағамдар жылу беріп қана қоймай, асқазан ішек, жүрек-қан тамыры жүйелерінің жұмысына қажетті майлы қышқылдармен қамтамасыз етеді. Ауа райы күрт суытқан күндері сүт өнімдерін азайтқан дұрыс.