«А Рафуа» журналында жария болған мақалада израильдік «Мейір» ауруханасының офтальмология бөлімінің дәрігерлері ботокстың көз жанарына зиян екендігін мәлімдеген.
Ботокс сылқымдар мен сұлулыққа іңкәр арулар арасында аса танымал болғандықтан, оны пайдалану көрсеткіші күнбе-күн өсіп келеді. Бірақ соңғы кездері осындағы оталардан кейін көру қабілетінің төмендеп кеткендегіне шағымданушылар саны артып барады. Ботокстың негізгі құрамы улы заттан тұрады. Ол жылдардан бері медицина тәжірибесіне дендеп енген. Көбінесе көздегі қилылықты, ақилықты емдеуге қолданылып жүрген. Көз қарашығына салынатын инъекция арқылы мұндай дертті де жазуға болады екен. Бұл емді 1989 жылы ДДС ұйымы қабылдапты. Ал ботоксты қолдану косметикалық тұрғыда қауіпсіз саналғанмен, жуырда израильдік ғалымдар оның да зиянды тұстары барын анықтап отыр.