Мерекелеріміз құтты болсын!
Сәкен Иманасов
Мамыр
Қарсы алып мамыра- жай мамыр айын,
Тағы да қағынайын, сабылайын,
Есімнен жаңылайын, жамырайын,-
Сәулелі күндерімді сағынайын.
Білмейтін ым- жымыңды, ымыраны,
Басталып баяғы асқақ ғұмыр әні,
Күн нұры қараулықтан қашып шығып,
Қорғана қолтығыма тығылады.
Кешегі күйініштің сарқыны ма,
Тығылып ащы бір жас алқымыма,
Аспанды айқыш-ұйқыш тілгілеген
Қараймын найзағайдың жарқылына.
Көл-көсір көкірекке жыр тұнғасын,
Шығады бұрынғыдан күлкің басым,-
Қаншама жыртылмасын көмекейің,
Оны да енді бірақ кім тыңдасын!
Шыға ма беткейлерге жамырай гүл,
Тұра ма өзін-өзі танымай қыр.
Дүние мың
...
Толығымен (Подробнее)»