Ассалаумағалейкүм, би Наурызбай,
Жігітке дәулет бітсе көңілі жай.
Кетпейді жүрегімнен өлгенімше
Шекерсіз бесінде ішкен үш кесе шай.
Дегенің «қонақ кәде» қайдан шықты,
Шекерсіз бесінде ішкен шайдан шықты.
Сабада күмпілдеген қымыз тұрып,
Күбіден быршып кеткен айран шықты.
Қартайсаң түрлі қайғы түседі еске,
Байпаңдап біз ақсақ нар ерген көшке.
Үйіне Науанжанның қонайын деп,
Қонаға шабан көкпен келдім кешке.
Науанжан қылған істің бәрі бекер,
Қыпшақты Қарабалық қылдың нөкер,
Көрмедім келін иттей көргенсізді,
Салмады дастарханға жалғыз шекер.
Көп беріп көргендінің қызын алсаң,
Үйіңе мейман келсе, құрмет етер.
Аз
...
Толығымен (Подробнее)»