Біздің көңіл қайда жатыр
Ой, қалқа, біздің көңіл қайда жатыр,Толқыған он төртінде Айда жатыр.Ат тұрса, атан тұрса көз салмайтын,Арғымақ мың теңгелік тайда жатыр. Қош иісі жарқыратып көңіл ашқан,Аққұйрық памилный шайда жатыр.Гүл шашақ, жұпар иісті жайлауындаКөңілім ел қонбаған сайда жатыр.Қиядан торға түскен ақсұңқардайКөңілім қапаланған жарда жатыр.Білетін асыл жайын жан болмаса,Жаманды не қылайын, жолда жатыр.Қалқаға анда-санда жазған назымҒалымның дәптеріндей томда жатыр.Тапсырдым теріс болсаң бір тәңірге,Айтатын зарлы сөзім толып жатыр...Сымбатың жас жүректі жанғырғандай,Бриллиант-гауһар жүзің сонда жатыр.Аузыңнан шыққан сөзің тәтті балдай,Ойласам әрбір қарпі менде жатыр.Бағаңа асыл, қалқам, не жетеді,Бес жүз мың алтын қоры сенде жатыр.Қарпіңді ақ қағазға тартып көрсем,Жүректің асыл сөзі сонда жатыр.
|