Не жаман?
Біріншіде не жаман?-Білімсіз болған ұл жаман.Екіншіде не жаман?-Ананың тілін алмаған,Қасарысқан қыз жаман.Үшіншіде не жаман?-Үш жерінен буғызып,Көрге салған сол жаман.Төртіншіде не жаман?-Төресін ғаділ бермеген,Парақор болған би жаман.Алтыншыда не жаман?-Алғашқы алған әйелің,Көп ішінде кеңкілдеп,Тіл алмаған сол жаман.Жетіншіде не жаман?-Жеткіншектеп оқ тиіп,Жетпей қалсаң, сол жаман.Сегізіншіде не жаман?-Серке санды ат мініп,Сергелдең болған жол жаман.Тоғызыншыда не жаман?-Торғайда болған бір басың,Топқа түскен сол жаман.Оныншыда не жаман?Оймақ ауыз, қиғаш қас,Бір перзенттің жоғынан,Мұңлық болған сол жаман.
|