Қыз ақылды ескермес- Ана үлгісін көрмесе. Ұл жарылқап ас бермес- Әке үлгісін көрмесе. Қорқыт ата
Қызыңды ерге бермей ұстама көп, Өлерсің ауырмай-ақ күстана боп. Жүсіп Баласағұни
Тай өссе-ат тынығады, Ұлы өссе-әке тынығады. Махмұд Қашқари
Ата тұрып, ұл сөйлесе-ер жеткені болар, Ана тұрып, қыз сөйлесе-бойжеткені болар. Сырым Датұлы
Баланың жақсысы-қызық, жаманы-күйік. Абай Құнанбайұлы
Өсер бала өнегелі іске құмар, Өнегесіз бала торғай қуар. Құсанбек Әміров
|