Біздің қазақ халқы өзінің даласының кеңдігіне сай пейілінің дархандығы, құшағының ашықтығымен былайғы жұртты тәнті етіп, оларға үлгі-өнеге болып жүргендігі баршаға аян. Ол өзінің көңілінің жомарттығы әрі мәрттігі, берекелі қолының ашықтығымен де, өзгелерден оқшау тұрған ерекше құбылыс. Әсіресе, өзінің ақтылы малында, киелі қазанында, қасиетті ас жаулығында беймезгіл келетін қонақтың еншілі сыбағасы бар деген түсінікті санасына мейлінше сіңірген ол қонақ күтуге келгенде алдына жан салмады. Тіпті құдіреттеніп кетеді. Бұл мінез үшін оны сөгетіндер де жоқ емес. Алайда келген мейманға жас ерекшелігі мен қадыр-қасиетіне сай көрсетілген сый-сияпаттың еш әбестігі бомаса керек. Керісінше оның астарында үлкен тәрбиелік мән-мағына бар. Мәселен, ұлы қаламгер М.Әуезовтың айтуына қарағанда сыйлы қонаққа бас тарту дәстүрі дүние жүзінде Африкадағы бәдәуилер тайпасында және қазақтарда ғана сақталған көрінеді. Ал мұны «Қазаққа тән ерекшелік емес»
...
Толығымен (Подробнее)»
|
|
Бірде Мөңке би өз қатарымен ойын-тойда отырғанда бұрын қалжыңдаса беретін бір құрдасы: -Би-екем сарқытын маған берді?-деп көпіре берсе керек. Оны анау-мынау әңгімемен қойдыра алмасын білген Мөңке: -Сарқытын бергенде қасында тағы кімдер болды?-деп сұрайды. -Е, ешкім де болған жоқ,-дейді мақтаншақ. Сонда Мөңке би: -Сарқытын саған бермегенде, итке берсін бе?-деген екен.
| |