...Қайырымды әм мейірімді Алла атымен бастаймын. Мүміндерге зерделі, Оймен пікір тастаймын... ***
Хадистерді жаттаған, Өмірге өзін баптаған. Оқымысты хаттарын, Түнде оқып хаттаған. Пайғамдардың хадисі Қуанышым, мақтанам. Онан өткір ақылды Данышпандық жоқ маған. Талай бұзық жандар да, Хадис оқып тоқтаған. Ол адамның әрқашан, Көңілі жарқын болады. Алла оны әрқашан, Қамқорлыққа алады. ***
...Кедейге істе жақсылық, Әлсізге істе жақсылық. Қайырымды бол, өнесің, Алладан қолдау көресің... Омар Сейілұлы.
|