Ия, алма пайдалы деп айта береміз, алайда витаминдерге өте бай жемістің көпшілік елеп-ескере бермейтін «құпиялары» баршылық екен. Оның дәрумендерге өте бай жеміс. Оның құрамында каротин, В, РР, Е топтарының витаминдері, биотин және тағы басқа пайдалы заттар бар. Алманың біздің ағзамызды көптеген қорғайтыны дәлелденген. Оның құрамындағы көп мөлшердегі калий ағзамыздағы артық сұйық пен зиянды шлактарды шығаруға көмектеседі. Қышқыл алмалар мен олардың шырындарын қан аздылық кезінде, қандағы гемоглобинді көбейту мақсатында қолданады. Алманың тәтті сорттары колит кезінде көмектеседі.
Алманың шырыны-семіздікпен аурудың алдын алуда ең тиімді құрал болып табылады. Алманың біздің қан құрамындағы холестерин мөлшерін азайтатын қасиеті біздің мезгілден бұрын қартаюымыздан қорғайды. Күнделікті үш- төрт алма жесеңіз-бұл сіздің белсенді ғұмырыңызды ұзартудың тексерілген әдісі.
|