Сұрақ:
Анамның қан қысымы жиі көтерілетін болып жүр. Дәрігерге қаралып, берген дәрілерін уақытылы ішіп жүр. Қан қысымы қайта көтерілмес үшін не істеуге болады? Қалай күтінген жөн?
М. Өмірзақ.
Атырау қаласы.
Жауап: Науқастың таза ауада көбірек серуендегені, тәулігіне кем дегенде 7-8 сағат ұйықтауы керек. Отбасында, жұмыста жанжал шығатын жағдайлардан қашық жүргені жөн. Физикалық жаттығулардың да пайдасы көп. Көбіне жаяу жүруге, велосипед тебуге, мүмкіндік болсажүзуге тырысу керек. Ауыр жұмыс істемесін. ¬Өйткені қара күшті қажет ететін жұмыстар артериялық қан қысымын көтеріп, жүрек гипертрафиясына соқтыруы мүмкін. Сондай-ақ адам өз дене салмағын да үнемі бақылап отыруы қажет. Сондай-ақ адам өз дене салмағын де үнемі бақылап отыруы қажет. Дене толысса, ағзада холестерин деңгейі көбейеді де, ол қан тамырлары қабатында жиналып, оның созымдылығын азайтады, әлсіретеді, тамыр жолы тарылып, қысым өздігінен көтеріледі. Толық адамдардың капилляр тамырлары көбейіп, аурудың жүрегіне күш түсіреді. Сондықтан гипертоник аурулар ұннан жасалған тағамдарды аз мөлшерде пайдаланып, қант пен тәтті тағамдарды, құрамында мал майы көп, сары май, қаймақ, майлы ірімшік, балмұздақ секілді тағамдардан өзін шектеп үйрену тиіс. Ас тұзын да аз мөлшерде пайдалану керек, тұздалған балық, қияр, қызанақ, т.б. көкөністер де ағзаға тікелей зиян екенін естен шығармау қажет. Тәбеті тартқан жағдайда қырыққабатты суға әбден жуып жеуге болады. Тұз ағзаға көп сіңсе, сұйықтың бөлінуін тежейді, ал бұл денені ісіндіріп, қан тамырларын тарылтады, оның салдарынан артериялық қысым көтеріліп, жүрек қызметі ауырлайды. Науқасқа спиртті ішімдік, сыраны мүлде ішуге тыйым салу керек, өйткені спиртті ішімдіктің аз ғана мөлшерінің өзі бірден қысымды көтеретінін айта кеткен жөн. Ал темекі қан тамырларын тарылтады және оның қабырғаларына холестериннің жиналуының бірден-бір себепкері болады. Дәрігер белгіленген дәрілерді уақтылы, қысым түскеннің өзінде де тұрақты түрде ішу керек. Сонда ғана аурудың қауіпті ауыр түрінен сақтана аласыз.
|