Ара балының құрамында адам организміне (ағза) пайдалы 60 түрлі зат бар, мысалы, глюкоза, минералдық тұздар, ферменттер, дәрумендер, радиоктивті және басқа да заттар бар. Бал асқазан жұмыстарын тәртіптейді. Таңертең күн сайын бір стақан суға бір ас қасық бал салып ішсе өте пайдалы. Бал бала ағзасының түрлі ауруларға қарсы күресуін арттырады, гемоглобиннің процентін көбейтеді. Балды әсіресе сүтке және жеміс-жидек тағамдарына қосып жеген пайдалы. Жатар алдында стақан суға бір қасық бал салып ішсе адам жақсы ұйықтайды. Халық медицинасы өкпе туберкулезін және басқа өкпе ауруларды балды сүтке немесе май ға қосып емдейді. Бал адамның бетіне нәр беру үшін емдеу косметикасында пайдаланылады. Ол беттің өңін кіргізеді. Бір жұмыртқаның сарысына бір шәй қасық бал, бір шәй қасық глицерин қосып немесе бір шәй қасық балға бір ас қасық ұнтақ (толокно) қосып бетке жағады да, 10-15 минуттан кейін сумен жуып бетті опалайды.
|