Ертеде Қаракесек пен Қыпшақ руларының арасында бір дау болады. Дауға Қаракесек Қаздауысты Қазыбек келіпті. Амандасып болған соң Қыпшақ биі: "Арғынның арық биі сөйле!"-депті. Сонда Қазыбек: Арық емес қатумын, Қара жермен татумын. Көшершілік кезде түйе азады, Жетімдік көрсе қыз азады. Елі жаугершілік болса, Тағында хан азады, Табындағы би азады,-депті.
|