Воскресенье, 07.12.2025, 08:01
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 23
Гостей: 23
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2010 » Июнь » 11
Адамның жұмысқа жарамдылығы тұрғысына келгенде 18 жас пен 20 жастың арасы адамның зердесі мен қисынды ойлау, жұмыс істеу қабілетінің ең күшті кезеңі. Ал, адам 30 жасқа толғанда оның бұл қабілеті 4 пайыз кемісе, 40 жасында 13 пайыз, 50 жасында 20 пайыз, 60 жасында 25% кемиді екен. Бұдан 10 жылдан кейін, яғни 70 жаста адам өзінің  18-20 жастағы күш-қуатының 60 пайызын ғана сақтап қалатын көрінеді.
Қай сағатта қандаймыз?
Жоғарыда жылдар жөнінде айтқан болсақ, ғылым осы жылдарды құрайтын тәуліктің әрбір сағатында адамның әртүрлі күйде болатынын да анықтап отыр. Айталық, сағат таңғы 5 пен 6, сәскедегі 11 мен 12, түстен кейінгі 16 мен 17, кешкі 20 мен 21, түнгі 24 пен 1аралығында адамның жұмыс істеу қабілеті күшейіп, артатын болса, түнгі 2 мен 3, сәскедегі 9 бен 10, түскі 14 пен 15, кешкі 18 бен 19, түнгі 22 мен 23 ара ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 994 | Добавил: модератор | Дата: 11.06.2010

Соңғы жылдары жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жүгері аналығының өт жүргізетін қасиеті бар екені дәлелденді. Оның әсерінен өт секрециясы артады да, билирубин саны азаяды, өт сұйылады, қандағы протромбин саны артады, диурез күшейе түседі.
Жүгері аналығын басқа да дәрілік өсімдіктермен қосып холецистит, гепатит кезінде өт жүргізетін және өт бөліп шығаратын дәрі ретінде, сондай-ақ қан кетуін тоқтататын препарат ретінде қолданады.
Соңғы кезде жүгері майы шипалы дәрі ретінде пайдаланып жүр. Жүгері майының құрамына кіретін май қышқылдарының қандағы холестерин санын кемітетін қасиеті бар, сондықтан жүгері майын күнбағар майымен бірге атеросклероздың алдын алуға және оны емдеуге қолдану ұсынылады.

Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 2810 | Добавил: модератор | Дата: 11.06.2010

Омар Һайам әрі этнограф, тарихшы, шипагер тәуіп есебінде де көрінеді. Ол адам ағзасының заманнан-заманға, ұрпақтан ұрпаққа өткенде қандай өзгерістерге ұшырайтынын да назарға алып, аса құнды, қажетті емдік мәслихаттарды алға тартады. Мәселен, басқаны былай қойып, бір ғана арпаның мың дертке дауа екендігін дәлелдейді. Ал мұны біз қазір қаперімізге де ілмейміз. Немесе, жүзім шырынынан әзірленген сусынның, шараптың пайдасы мен зиянын мөлшерлеуге нендей жәйттерге назар аудару керектігін де еске салады. Бұл арада айта кететін бір жәйт, Омар Һайам сөз етіп отырған шарапты қазіргі спирттік ішімдіктермен ұқсастыруға мүлдем келмейді. Аса пәкиза күйде, таза жүзім сөлінен жасалған емдік, шипалық сусындарға ол кезде екінің бірінің қолы жете бермеген.
А. Самад,
филология ғылымдарының кандидаты


Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1026 | Добавил: модератор | Дата: 11.06.2010

Асқазанның қыжылдауы, астың дұрыс қорытылмауы, жел қарысу, гастрит секілді ауруларға ерте кезде ең қарапайым ем қолданып, таңертең аш қарынға бір стақан шикі картоп сөлін ішкізетін болған. Тамақты одан бір сағат өткен соң ішкізген. Он күн осылай ішкен соң он күн демалдырып барып емді қайта бастаған. Одан әрі екінші рет он күн демалдырып, қайтадан он күн емді бастаған.
Халық ем-домында бауырдың ауырғанына ем ретінде жарты стақан ашыған капуста сөлін жас помидордың жарты стақан шырынымен араластырып, тамақтың соңынан күніне үш мәрте ішкізген.
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 1103 | Добавил: модератор | Дата: 11.06.2010

Ертеде Қаракесек пен Қыпшақ руларының арасында бір дау болады. Дауға Қаракесек Қаздауысты Қазыбек келіпті.
Амандасып болған соң Қыпшақ биі: "Арғынның арық биі сөйле!"-депті.
Сонда Қазыбек:
Арық емес қатумын,
Қара жермен татумын.
Көшершілік кезде түйе азады,
Жетімдік көрсе қыз азады.
Елі жаугершілік болса,
Тағында хан азады,
Табындағы би азады,-депті.
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1036 | Добавил: модератор | Дата: 11.06.2010

Өнерді үйренуге де өнер керек.

Арық қазбасаң, атызға су келмейді.

Пірің көп болғанша,
Білімің көп болсын.

Теміршінің қолында
Темір еріп су болар.

Оқыған ұл-атасынан да үлкен.

Айтушы ақмақ болса,
Тыңдаушы дана керек.

Қолы ашықтың
Жолы ашық.

Адамның тізгіні-ақылы.

Өз ішіңе сыймаған сыр
Өзгенің ішіне де сыймайды.

Ұлың жаққан шырақты
Қызың да жағады.

Жүгі жеңіл есек жата береді.

Атаң мұрап болса да,
Арықтың басында бол.

Беделің-сәулетің,
Еңбегің-дәулетің.
Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 2157 | Добавил: модератор | Дата: 11.06.2010

Қонақ келмеген үйдің құлағаны артық.  (Қорқыт)

Қонақ құт әкеледі:
Өлді ғой жұрт "қонақ-құт" деп ұғатын,
Қөрсе қонақ қалыпты үйді жығатын.
Жалған айтып, ұрыдай боп жымысқып,
Жолаушыны үйден қуып шығатын.   (М. Қашқари)
Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 1198 | Добавил: модератор | Дата: 11.06.2010

Бұқар жыраудың өте қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты Қазыбек би келеді.
Төсекте жатқан Бұқар жырау:
-Бірден онға дейінгі санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады. Қазыбек, сен айтып берші,-деген екен. Сонда Қазыбектің берген жауабы:
-Бір дегеніңіз-бірлігі кеткен ел жаман. Екі дегеніңіз-егесіп өткен ер жаман. Үш дегеніңіз-үш бұтақты шідерден шошыған ат жаман. Төрт дегеніңіз-төскейге шыға алмаған кәрілік жаман. Алты дегеніңіз-аймағын билей алмаған адам жаман. Жеті дегеніңіз-жетем деген мақсатына жете алмаған жаман. Сегіз дегеніңіз-серкесіз бастаған қой жаман. Тоғыз дегеніңіз-толғанғаның. Он  дегеніңіз-өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз,-болған екен.
Қарт жырау бас бидің жауабына риза болыпты.
І. Есхожин
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1301 | Добавил: модератор | Дата: 11.06.2010

Халқымызда "Жиен ел болмас, желке ас болмас" және оған қарама-қарсы "Жиен ел болар-малы болса, желке ас болар-майы болса" деген мақалдар бар. Мұндағы "Жиен ел болмас, желке ас болмас" дегені жиенді қанша бағып, қағып тәрбиелесең де түбі сіңбейді, атасы бөлек, өз еліне кетіп қалады. Өз елінің сөзін сөйлеп, сойылын соғады деген мағынада айтылған сөз. Шындығында да нағашы жұрты қанша жақсы болса да, жігіт өз елін аңсап, кейде ел арасы бұзылып сын сағаты келгенде өз жағына шығып кететін болған. Бұдан біз адамға өз жұртының қаншалықты ыстық, қымбат екенін аңғарамыз. Ал, жорағыдағы екінші мақал-жиеніміз дәулетті, малды, жілігі татитын ел жұртқа сыйлы, сөзі өтімді, беделді азамат болса бізге де жақсы, алыс беріс жасап, араласып, қысылғанда арқа тұтып жүреміз деген ұғымды білдіреді.
Жалпы елі, жері, атасы басқа болғандықтан нағашы мен жиен бірін-бірі күндемеген. Ағайын арасының ұсақ кикілжіңі олардың арасында жат қылық саналған. Біріне бір ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1617 | Добавил: модератор | Дата: 11.06.2010

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Июнь 2010  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz