Қойдың сүті-жылу мен әл-ауқатты арттырады, денедегі желді басады. Сиыр сүті-несеп ауруларына пайдасы мол, ойды ұшқырлайды. Ешкінің сүті-ентікпеге ем. Жылқы еті-іріңді тоқтатады, бүйрек пен белді желден тазартады. Бірақ қан қысымын көтереді. Балық еті-асқазан, жүрек ауруларына пайдалы, іріңді тияды, көзге де ем. Тауықтың еті-ұрықты көбейтеді, жарақаттарға да ем болады. Қуырылған күріш-сынған сүйектің бітуіне көмектеседі. Тұзды тамақты, консервілерді көп жеу-шаштың ерте ағаруына, түсуіне, бетке әжімнің ертерек түсуіне, қуаттың төмендеуіне соқтырады.
|
Шариат бойынша адал (халал) мен арамды (харам) анықтаудың он бір түрлі тәсілі бар. Бірінші-әрбір заттың әуелден бар болуы. О баста құдіретті Алланың өзі адам баласының пайдалануына арнап жаратқан нәрселерінің бәрі адал. (Бұл турасында қасиетті Құранның "Бақара" сүресінде, 29-аят, "Лұқман" сүресінде, 20-аят, "Жүніс" сүресінде, 59-аят, айтылған). Екінші-әрбір нәрсенің адалдығы мен арамдығын белгілеу хұқына Алла ғана ие. Ешбір білгіш ғұлама-ғалым, әйтпесе билік басында отырғандар өз беттерімен "мынау адал", "мынау арам" деп әмір жүргізе алмайды. (Бұл турасында қасиетті Құранның "Жүніс"сүресінде, 59-аят, "Нақыл"сүресінде, 119-аят, айтылған). Үшінші-адалға тыйым салып, арамға жол беру де Алланың еркінен тыс болмауы керек. Мәселен, дінсіздер кейде адал нәрсенің өзіне тыйым салып жатады. Олар Исламда жеуге рұқсат етілген кейбір мал еттерін, жемістерді, балықтарды арам қатарына қосады. (Бұл турасында қасиетті Құранның "Әнғам" с
...
Толығымен (Подробнее)»
|
|
Көп жүрген көгерер, көл аққан жерге нұр кірер. Кеңеспен кескен бармақ ауырмайды. Ел ұстама, ел ұстасаң, кек ұстама. Ақымаққа жалбаң қылма малы бар деп, Есекті тұлпар деме жалы бар деп.
|
Бұл кеңестердің түсініксіз тұстарын, ылғи еске салатынымыздай, дәрігеріңізден сұрайсыз. Беттегі безеуді тез кетіретін маска-қияр маскасы. 3 дана жаңа піскен қиярды ұсақтап турап, 1 стақан қайнаған суға салыңыз да, оған 1 шай қасық бал араластырып, бетіңізге жағыңыз. 25 минут өткен соң, бетіңізді салқын сумен шаясыз. Қиярдан жасалған масканы аптасына 2 рет жасап отырсаңыз, беттегі безеудің кете бастағанына көз жеткізесіз. Осы орайда, сәбіз маскасын да жасаған жөн. Ол үшін 1 стақан сәбіз шырынына 1 шай қасық кілегей араластырып, бетке жағады. 10 минуттан соң, бетті салқын сумен жуады. Сәбіз маскасы безеуді ғана жойып қоймай, бетті тегістеп, әжімді азайтады.
|
|
Атақты Байдалы би тоқсан жасында қос жанарынан айырылып, мүгедек болып қалады. Бидің көңілін сұрауға келген замандасы: -Байдеке, күн өткен сайын тұрмысыңыз жүдеп барады. Алдында үш, артында екі мың жылқысы бар туыстарыңнан неге көмек сұрамайсың депті. Сонда жасаураған көзін орамалымен сүрткен би: -Ағадағы мал-аспандағы мал, Інідегі мал-іннің түбіндегі мал, Туыстағы мал-қуыстағы мал, Қыздағы мал-құздағы мал, Өз алдындағы жоқ нәрсені санама,-деп жауап қатады. Сәлден кейін сөзін былай деп жалғастырады: -Зағип көңілін кім ашар? Хал сұраған тең ашар. Жабыққан елдің көңілін, Өзен су мен кең қоныс, Бұлтсыз ашық Күн ашар. Ат көңілін кім ашар? Жалқұйрығын тараған, Сұлы менен сүт беріп, Күніне жеті қараған, Ардақтап мінген ер ашар. Ер көңілін кім ашар? Әлдилеп сүйген бала ашар.
| |