Сұрақ:-Арықтаймыз деп жүріп асқазанын бұзып алып жатқандарды байқадым. Өзімнің де «қарным шыға» бастады. Сондықтан осы жайында мамандар пікірін білсім деп едім.
Зейнолла,
Өскемен қаласы.
Жауап:
Мамандар пікірі («Емші», №46 2015ж) былайша өріледі:
Арықтағысы келетіндер көбіне көмірсуы аз тамақтарды жейді.Диетологтар бұл денсаулыққа өте зиянды екенін ескертіп отыр. Көмірсуы аз тамақтардан жасұнық жетпей қалады. Сондықтан жасұныққа бай тағамдарды ас мәзірінен сызып тастаса, мысалы картоп сияқты,онда ғазада жетіспеушілік айқын сезіле бастайды. Ал, ол денсаулыққа әсерін тигізеді.
Әдеттегі жасұнық қажеттілігінің 12 % адам картоптан алады. Басқа тағамдардан әлдеқайда көп. Қара нан, дақылдар, картоппен салыстыруға келмес. Картоп жасөспірімдерге өте керек. Бір тәулікке қажет жасұнықтың 15 % балалар осы картоптан алады.
Жасұнық жүрек-қан тамыр ауруларын, сусамыр мен кейбір обыр түрлерінің алдын алады. Асқорытуды жетелдетіп, салмақты қадағалауға мүмкіндік тудырады. Ағзаға тоқтық сыйлайды. Емдәм қолданатын адамдар картоп өте майлы, калориясы көп тамақ деп ойлап, жемейді. Ал, картопта май аз. Ақ нан мен ішімдікке қарағанда калориясы аса кем.
Оның үстіне картоп калийге бай. Калий тұздың зияндылығын жоюға септеседі. Қан қысымын қалыпты етуге көмектеседі. Сарапшылар, күнделікті жейтін тамақтың жартысы көмірсуға бай болуы керек деп ескертеді. Тек қанты көп тамақтанардан қашқақтау керек. Мамандар дәнді дақылдарды, бұршақ пен жеміс-жидекті көп жеуге кеңес береді.
|