Еділ бол да, Жайық бол, Ешкімменен ұрыспа, Жолдасыңа жау тисе, Жаныңда аяп тұрыспа. Ердің құны болса да, Алдыңа келіп қалған соң, Қол қусырып барған соң, Аса кеш те қоя бер, Бұрынғыны қуыспа. Ақың болса біреуде Айыбын тап та ала бер, Ерегесіп ұрыспа. Мінезі жаман адамға Енді қайтіп жуыспа. Тәуір көрер кісіңмен Жалған айтып суыспа.
|