|
Бас аман болса, бөрік табылады. Қорқыт ата
Жігіттің дені сау болса, сол-дәулет. Құтып
Жігітке дәулет те көп, байлық та көп, Қызығы дүниенің-есен-саулық. Төреқожа Ханқожаұлы
Жігітке мықты дәулет амандығы, Қанағат барға етпесе надандығы. Нұржан Наушабаев
Ауру-сырқаудан сау дене дұрыс рухтың жемісі болып табылады. И. П. Павлов
Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. А. Шопенгауэр
Адам үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ. А. А. Семашко
Мен қимыл-қозғалысты кәрілікпен күресудің ең тиімді құралы деп білемін. В. В. Гориневский
|
Лұқпан хакім қартайып, өлерінде: «Есіктегі басым төрге жеткендей болған жоқпын»,-деген екен. Өмірдің байқаусыз зырғып өте шығатынына мысал бұл. Бір күннің өткенде жай ғана бір күнім өтті деме, өмірімнің бір бөлігі өтті де. Солып, төгіле бастаған гүл жапырақтарына қарап, кейін сен де солай болатыныңды ойла. Жаңа күнге жеңетініңе сенімді күреске, жаңа өмірге кіргендей жарқын көңілмен кір. «Ағарып атқан әрбір таң қиындықтан шығу жолын көрсетеді»,-депті Омар Хайям наурыз хадистерінде. Дұрыс пайдалана білгендерге өмір қысқа емес. Дұрыс пайдалана білмегендерге уақыт жетпей қалған сияқты болады. Тығырыққа тірелдім деп түңілгендер-өзіне берілген уақытты өздері қысқартып жүргендер. Өмірден өш алғысы келгендер өзіне-өзі қол жұмсайды, өзіне-өзі наразы адамдар өмірден өш алғысы келгендей етіп жұмыс істейді.
М. Кемел (Ақыл қалта, А., 2007ж)
|
|
Қорадағы қырғауылды аулаймын деп, Үйдегі тауығыңнан айырылып қалма.
Үйден көп жапа шеккен жан, Өз отауын арқалар жүрер.
Көсеу ұзын болса-қол күймес.
Бақытсыз жан құдыққа тығылса-құм жауар.
Қызбенен күреспе, Қысырақпен жарыспа.
Есек айтар: «Басым аман болса, Теңізден де су ішермін!»
Түрі мен түсін қайтесің? Абыройын ойла.
Ағаш кессең-ұзын кес, Темір кессең қысқа кес.
Өгіз болар бұзу әу бастан-ақ белгілі.
Қашық жердің хабарын керуен келтірер.
|
«Өзінің әлдеқашан қартайып қалғанын Алланың алдында да, адамның алдында да мойындағысы келмей, шал атанған бүгінгі бозбалаша әлем-жәлем киініп, «ел кезген есер кездегідей» жеңіл мінез көрсетіп жүрген қарттарды кім деп білеміз? Тән мен жанның жасанды жастық көріністерін жасап, сахнада емес, өмірде әртіс болып жүру-ерлік пе әлде есерлік пе дегім келеді. Біздің жас шағымызда егде тарта бастаған адамдар өздерінің кәрілігіне намыстанбайтын. Қартайып қалғанын жасыруға әрекет жасамайтын. Қайта қариялығын мақтаныш етіп, жұртқа байсалды жан болып көрінуге құштар еді. Бізге олар ғасырға жуық өмір жолында ұзақ сапар шегіп, қияметтен қиын бел-белестерден сүрінбей, мәреге абыроймен жеткен сиқырлы жандар тәрізді көрінетін. Әйтеуір біз білетін қариялар «қартайып қалдым» деп өкінбейтін. Қайта «Құдайға шүкір, қариялыққа да аман-есен жеттік-ау, бұған да тәуба» деп отыратын. Мұндай қарттар құманмен қолына су құйған балаларға: «ғ
...
Толығымен (Подробнее)»
| |