Воскресенье, 07.12.2025, 07:57
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 11
Гостей: 11
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2010 » Апрель » 09
Махаббатта ашу-кек жоқ,
Достықта қошемет жоқ.

Сүйіктің жоқта дүние суық.

Шынайы сезім шытынамайды.

Көз мыңды көрер,
Көңіл бірді сүйер.

Азапсыз махаббат-
Арзан махаббат.

Махаббат бар жерде-машақат бар.

Сұлу сүйген емес, сүйген сұлу.

Адам болар жігіттің
Жары өзіне лайық.
Керуен бастар жігіттің
Нары өзіне лайық.

Алмауыттан ат мінсең,
Жақын болар алысың.
Әдепті, арлы жар сүйсең,
Оңғарылар бар ісің.

Жақсы әйел-теңі жоқ жолдас,
Түбі жоқ сырлас.

Екі жақсы қосылса,
Ай мен күндей жарасар.
Екі жаман қосылса,
Ырылдасар, таласар.

Ағайын тату болса, ат көп,
Абысын тату болса, ас көп.

Келіні жақсы үйдің керегесі алтын.

Ер жігіттің аты жақсы болса, бір бақыт,
Алған жары болса, мың бақыт.

Таза сабаның қымызын іш,
Мейірман ананың қызын ал.

Жақсы жұбай-жарым бақыт.

Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық.
Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 1011 | Добавил: модератор | Дата: 10.04.2010

Ғашықтар жүрген жерде қайғы да бар.
С. Сарайи

Ажырасар болған соң, құшып сүйгеннен не пайда.
С. Сарайи

«Бұл дүние-ғашықтар дүниесі» деп айтады біліктілер.
Құтып

Махаббат-қашып құтыла алмайтын қайғы.
Р. Хорезми

Көрсетсе мейірбандық бейімделіп,
Шапағат сыйла сен де пейілденіп.
Р. Хорезми
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 1373 | Добавил: модератор | Дата: 10.04.2010

Арпа сұйығы сары қышыманы, бидай сұйығы қара қышыманы құртады. Егер арпа кебегін қазанға салып жақсылап қайнатса, бұл аяқ сүйегі әлсіз, немесе аяғымен тік тұра алмайтындарға өте пайдалы. Егер бірер адамның аяғы, не тізесінде жарақат болса, онда аяғын арпа суына салған абзал. Сонда ол түзеліп кетеді. Бидай кебегі де дәл осылай емге жарайды.
С. Мұқтарұлы
Әзірлеген М. Қалибекқызы
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 2061 | Добавил: модератор | Дата: 10.04.2010

Құнанбай би Меккеге барып, қажылыққа қол беріп келген жылдың қысында үйінде бір топ адам қонақ болып түстеніп отырады. Біреулер «шаруа қайтсе оңалады, мал-жан қайтсе аман болады?» деседі. Сонда Құнекең:
-Шаруаң оңға айналған шақта,
Мінген атың жүреген болады.
Асыраған итің үреген болады,
Қатының қадірлі болады,
Қызың ажарлы болады,
Малың базарлы болады,
Шөбің шығымды болады,
Малыңа жұғымды болады,
Ұлың білімді болады,
Құлың сенімді болады.-деп, бір тоқталады да, оның аяғын былайша жалғастырады:
Шаруаң солға айналған шақта:
Мінген атың шабан болады,
Асыраған итің жаман болады,
Қатының сараң болады,
Қызың ажарсыз болады,
Малың базарсыз болады,
Шөбің шығымсыз болады,
Малыңа жұғымсыз болады.
Ұлың білімсіз болады,
Құлың сенімсіз болады...
Аумин! -деп, қолын жайып бетін сипапты.
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1004 | Добавил: модератор | Дата: 10.04.2010

Еділ бол да, Жайық бол,
Ешкімменен  ұрыспа,
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңда аяп тұрыспа.
Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те қоя бер,
Бұрынғыны қуыспа.
Ақың болса біреуде
Айыбын тап та ала бер,
Ерегесіп ұрыспа.
Мінезі жаман адамға
Енді қайтіп жуыспа.
Тәуір көрер кісіңмен
Жалған айтып суыспа.
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 940 | Добавил: модератор | Дата: 10.04.2010

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Апрель 2010  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz