
Атақты күйші Құрманғазының өз өмір-баянынан хабардар ететін бұл өлеңін жастардың бірсыпырасы білмейтін тәрізді. Көз салыңдар.
Аш бөрі етің қалар сойған жерде, Ит болып жүре алмаймын тойған жерде, Ел кезіп ор киіктей жүрсемдағы Соғармын қайта айналып туған жерге. Ас жетер, көңіл жетсе бір ауылға Іс етер жігіт қайда бұл қауымға Қайтпаған қалың жайдан Құрманғазы Тағдырдың бөгелмейді дырауына. Жан шошыр бастан өтті талай майдан, Шыққан жоқ атқан серкем терең сайдан. Өзіммен ұлы дуға бір түсетін, Туатын мендей ұлды ана қайда.Фото: ЮНЕСКО
|