Күтпеген жерден "құдайы қонақпыз" деп төрт қария ауылдың шетіндегі бір үйге түседі. "Күн жаз, ет аз екен". Үйдегі әйел қысылып қалады. Өйтіп-бүйтіп тапқанын асады. Ет піскен соң табақты қонаққа тартады. Дұрысы дәстүр бойынша төрт қарияға төрт сүйек салынуы керек. Бірақ, оған қол қысқа. Ақыры әйел малының тапшылығын амалын тауып жаппақ болып: -Айналайын қонақтар, алдарыңызға асықты жілік әкеліп тартып отырмын. Бары осы. Бірақ осы сүйектің алты аты бар. Сол алты атты тауып атасаңыздар, мен өзімді сіздерге тай сойып бергендей сезінер едім,-дейді. Бірақ, қариялар әрі ойлап, бері ойлап, сұрақтың жауабын таппапты. Сонда әлгі әйел: -Бұл сүйектің бірінші аты-алшысынан тұрғаны, екінші аты-тәукесінен тұрғаны, үшінші аты-бүгесінен тұрғаны, төртінші аты-шігесінен тұрғаны, бесінші аты-омпасынан тұрғаны, алтыншы аты-томпасынан тұрғаны,-деп өзі қойған сұраққа өзі жауап беріпті. И. Құлманбет
|
|
Қалам жазбайды, ақыл жазады.
Тақсырдың достығы- Қасқырдың достығы.
Сорға тойған, Суға қанған.
Етектен кесіп, иінін бүтіндеп.
Біреуге деп құйылған құймақ, Біреуге кеп бұйырған құймақ.
Сайтан қартайса, сопы болар.
Ағаш айғайға құламайды.
Бишікеш қатынның үйі бықсық.
Сен жылама "Бұл жігітке бардым" деп, Ол жыласын "Бір пәлеге қалдым" деп.
Қызыл етік те қысады.
Ақыл көптің азығы.
Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.
Қолы шебердің қары талмайды.
Естіге екі сөз де жетеді.
Иесі жоқ болса, есік те жылайды.
Төренің иті де төреше үреді.
Шалқақтаған қыз шашына ақ түскенше отырады.
Төбеде тұрсаң да-танауыңды шүйірме, Төменде тұрсаң да-тізе бүгіп, иілме.
|
 Бәйшешек тамырын бронхит аурулары кезінде қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданады. Дәрумендер (витаминдер) жетіспеген жағдайда жапырақтарынан салат жасап жейді. Бәйшешектен жасалған препараттар улы емес, қақырық түсіретін, седативті түйілулерді жазатын, несеп жүргізетін және іш өткізетін қасиеттері бар. Қақырық түсіретін дәрі ретінде бәйшешек тамыры сенегадан гөрі тиімдірек. Г. Қожабекова
|
Денсаулығына күнбе-күн көп көңіл бөлетін адамның дәрігер мен дәрі-дәрмекке көп қаржы шығармайтыны дәлелдеуді керек етпейтін болса керек. Токионың "Иомиура" газеті осы тұрғыда 2200 жапондықтың пікір-сыңайын сұрастырып, оның нәтижелерін жариялаған. Жауап бергендердің 60 пайызы (проценті) диета ұстанып, денсаулыққа пайдалы деген өнімдерді ғана тамақ қылатынын, 42 пайызы (проценті) күн тәртібін бұлжытпай ұстанатынын айтқан. Үштен бірі спортпен шұғылданады, шынығады, ал 14 пайызы (проценті) ішімдік мен темекіні қойған. Осындай тазалық пен күтінудің нәтижесі медицинаның көмек-жәрдеміне жұмсалатын қаржының азаюы болып оралады. Жауап бергендердің, шамамен, үштен бірі бұл мақсатқа айына 5 мың иен ғана жұмсайтындарын айтқан (жапон жұмысшылары мен қызметшілерінің айлық орташа табысы 393 мың иен деп есептеледі, бұл 3500 доллардан асады). Халықтың әл-ауқатының, денсаулығының, елдегі медициналық қызметтің жай-күйінің анық бір көрсеткіші ад
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Ақтайлақ би Дулаттың әкесі Бабатайға: "Солтабайдың Барағы әкесінен өте туып, ел билеп аға сұлтан атанды. Айбарынан ешкім аса алмады, алыптығына да жан тең келтірмеді. Батыр атанып қол бастады. Ал, сенің ұлың Дулат қолдағы бар дәулетіне ие болмай, ел кезіп, сөз қуғаннан аса алмады. Әкеден кете туды",-дегенде Бабатай: Жақсы да болса қарағым, Жаман да болса қарағым. Солтабай төре бере ме, Жақсы туған Барағын?- деп Ақтайлақты сөзден тосылдырса керек. І. Есхожин (Ескерту: ақын-жыраулар шығармалары, "ел аузынан" материалдары "Жазушы", "Қайнар" секілді мемлекеттік баспалардан шыққан әр жылғы кітаптардан алынып отыр)
|
Темекінің зияндылығы туралы көпшілік біледі. Алайда, кейбір деректер еріксіз елеңдетеді. Америка мен Қанаданың бір топ дәрігерлері темекі тарту еркектерден гөрі әйелдер үшін хауіпті деген қорытындыға келді. Тартылатын темекі мөлшері бірдей болған жағдайда өкпе рагына шалдығудың статискалық орташа шамамен алғандағы хаупі еркектерге қарағанда әйелдер үшін екі есе артық болатын көрінеді.
| |