Айтты...
Көршілер әңгімесі...-Кеше сіз әйеліңізге неге соншама қатты айқайлап тиістіңіз?-Ол ақшаны қайда жұмсап жібергенін айтпай қойды.-Ал, жарайды, солай болсын дейік, бүгін неге айқайладыңыз?-Бүгін ол ақшаны қалай жұмсағанын түп-түгел айтып берді...Азғана
Тұрмысқа шыққан қызына шешеснің берген сұрағы:-Күйеуің қалай, қандай адам екен?-Тамаша адам екен. Не сұрасам, бәрін сатып алып береді!-Демек, аз сұрайсың!Епті әйел
-Мен әйелімен ажырасатын шығармын, дейді Джон танысына.-Неге? Сенің әйелің әдемі, әрі епті ғой.-Бұл тамаша ғой.-Ия, ол тазалықтың шегіне шыққан.-Бұл ташама ғой.-Ия саған! Түнде шөліркеп су ішуге шығамын, қайтып келсем... төсегім жинаулы тұрады.Тістеуік ит
Жігіт көңілдесінен қайтарда мойнына дақ түсіп қалғанын байқайды. Не істерін білмей, үйіне қайтады. Үйіне кіріп келгенде иті арсалаңдап келіп төсіне секіреді. «Құдай берді» деп ойлайды жігіт. Ол итімен алысып ойнайды. Ит оның кәстөмін жыртып жібереді. Сонан соң әйелінің бөлмесіне кіріп:-Біздің итке не болған? Кәстөмімді жыртып, мойнымды тістеп алды,-дейді. –Ой, құрысын! Бір нәрсе көрініпті оған. Көрдің бе, менің де төсімді тістеп алды.
|