Бұқар жыраудың өте қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты Қазыбек би келеді. Төсекте жатқан Бұқар жырау: -Бірден онға дейінгі санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады. Қазыбек, сен айтып берші,-деген екен. Сонда Қазыбектің берген жауабы: -Бір дегеніңіз-бірлігі кеткен ел жаман. Екі дегеніңіз-егесіп өткен ер жаман. Үш дегеніңіз-үш бұтақты шідерден шошыған ат жаман. Төрт дегеніңіз-төскейге шыға алмаған кәрілік жаман. Алты дегеніңіз-аймағын билей алмаған адам жаман. Жеті дегеніңіз-жетем деген мақсатына жете алмаған жаман. Сегіз дегеніңіз-серкесіз бастаған қой жаман. Тоғыз дегеніңіз-толғанғаның. Он дегеніңіз-өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз,-болған екен. Қарт жырау бас бидің жауабына риза болыпты. І. Есхожин
|