Бүйрек ауруларының түрлері көп. Олардың арасында тұрмыста жиі кездесетін бүйректің төмендеуі (нефронтоз), іріңді нефрит, пионефроз (бүйрек түбінің іріңді несеп бөлуіне байланысты кеңуі), паранефрит (бүйрек айналасындағы үлпершек тканьдарының қабынуы) т.с.с. кеселдер баршылық. Олардың әрқайсысы ерекше тәсілдермен, түрлі дәрі-дәрмекпен емдеуді қажет етеді. Диагноз нақты анықталғанда ғана бүйрекке ем-дом қолдануға болады. Науқас адам қатты әбігерге түскен кезде бүйректі "емдеу" үшін резеңке ыдыс (грелка), ыстық ванна пайдалану да қауіпті екенін еске сала кету артық емес. Бүйректен бөлінген несептің көмегімен жиналған тасты, құм қиыршықтарын "су екпінімен жылжыту, шығару" тиімді әдістер қатарына жатады. Ол үшін науқас адам бірнеше күн бойына тәулігіне екі рет (таңертең және кешке) 30-50 минут аралығында 6-8 стақан су ішуі керек. Осы кезде бүйрек қызметі күшейеді. Несептің бөлінуі артады. Ал, тасты айдап шығаруда суықтық рөлі өте зор. Мүмкін болса минералды су, оның ішінде "Сарыағаш", "Боржоми", "Есентуки"сияқты минералды сулар ішкен жөн. Қ. Иманғалиұлы, 1дәрежелі уро-хирург
|