"Әр елдің заңы басқа, иттері қара қасқа"-деген сөздің жаны бар. Арқаны мекендейтін ел, "жөргем" деп тоқішектің ет пен шажырқай қосып өрмелеген түрін айтады. Ал, Жетісу өңіріндегі қазақтар өкпені бір елідей ғып жіңішкелеп іліп шығады да ішек сияқты өреді. Мұны олар "жөргем" дейді. Бір ғажабы тоқ ішек те, өкпе де қонақтың табағына салынбайды. Балқаш бойындағы қазақтар ертеде қыстаудан жайлауға көшкенде қыстаудың төбесін жапқан бастырма ағашқа жөргемді іліп кетеді екен. Өзегі талған жолаушы осы жөргемді талғажау еткен. Мұндай үрдіс Сібірдегі жергілікті халықтардың да тұрмыс-салтында кездеседі.
|
Техникалық прогрестің қауырт дамуы адамның денсаулығына әркезде бірдей пайдалы деуге әсте келмейді. Әсіресе балаларға қатысты бұлай деуге болмайды. Жапония білім министрлігінің балабақшалар мен мектептердегі бір миллионнан астам балалар мен жеткіншектердің арасында жүргізген зерттеулері ілгерідегідей қорытындыны тағы да растай түседі.Мемлекеттік Эн-Эйч-Кей телекорпорациясы орта мектеп оқушыларының 60 пайызының дерлік көздерінің көруі нормадағыдан үштің бір үлесіндей кемігенін хабарлаған. Әсіресе жоғары кластар оқушыларында бұл жағдай өте-мөте анық байқалады. Олардың көру қабілеті дұрыс болып шыққандары отыз пайызға дейін де жетпейтін болған. Жеткіншек ұрпақтың көру қабілеттері нашарлауының басты себептерінің бірі қазіргі балалардың телемониторлар экрандарының алдында тым көп уақыт өткізетіндігінен дейді министрліктің мамандары.
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Адамдар сұлу өң, көрікті беттің өзін бір бақыт деп біледі. Одан баһар, ләззат алудың өзі бір ғанибет. Сұлулықты көріп, оған насаттану адам жан дүниесіне аспандағы жұлдыздардың қолға кеп қонғанындай әсер етеді дейді білетіндер. Мұның өзі асыл заттармен бірге бұл әсерді сандыққа қаттап сақтап қойғанмен бірдей. Жақсы көрік Күннің өзі болмағанмен оның судағы сәулесіне ұқсайды. Олай дейтініміз, адамдар жүзіндегі әдемілік Изид тағаланың бұйрығымен көктегі бақ жұлдыздарының нұр сәулесінің жердегі адамдарға ілуде бір келетін титімдей бөлігі іспетті. Сұлулық барша тілде әспеттеледі және кім-кімге де әсерін тигізбей қоймайды. Дүниеде жақсы нәрселер көп. Оларды көріп, сезіну адамдарды бақытты етеді, жан сарайларын тазартады. Қай-қай нәрсе де сұлулық пен әдеміліктің орнын баса алмайды. Өйткені өңнің сұлулығы, беттің ажары адамды қуанышты әсерге бөлейтіні соншалық, ешқандай өзге қуаныш оған тең келе алмайды. Гөзел жүз-дүниедегі бақыт пен салтан
...
Толығымен (Подробнее)»
Категория:
Этикет
|
Просмотров:
1981
|
Добавил:
модератор
|
Дата:
10.05.2010
|
Ертегілерде жеті басты жылан, үш басы бар жылан деген кереметтер жиі айтылады. Шындық болмыста табиғатта ондайлар болмағанмен, екі басты жыландар кездеседі екен. Американың әр түрлі университеттерінің террариумдарында екі басты бірнеше экспонат бар. Теннеси университетінің биологтары он жылдан артық уақыттан бері өздеріндегі екі басты жыланның тіршілігін зерттеумен айналысуда. Жыланның бір басы ірірек әрі енжарлау, ал екіншісі шағындау болғанымен, ширақ. Ал осы екі бас жейтін тамақтары екі өңешпен бір асқазанға баратын болса да, тамаққа жиі таласып қалады. Бір бас тойынып шыққанда, екінші бас әлі қомағайлана тамақтанып жатады. Бірінші бас (үлкені) тамақтың ірі кесектеріне ұмтылып, баяу жұтса, екіншісі кішілеу кесектері таңдайды, бірақ апыл-ғұпыл тез жұтады. Жыл өткен сайын ғалымдардың бұл құпияны ашамыз деген сенімдері де жұқара түсіп келе жатқан көрінеді.
|
|
Улы жылан сөз емес, махаббат уы тұрғанда. Көне ұйғыр жазу ескірткіші
Ғашық кісіде шыдам болмайды, Шыдам болса, ғашық болмайды. Құтып
Құпия жүрген махаббат айрылар күні қор болар, Жаралы көзді жасырма-бәрібір жасы сорғалар. М.Қашқари
Сүйгенін қоштасуға кім қиыпты, Жері оның теңізден де тұңғиық-ты. Ж. Баласағұн
Жүрек кімді қаласа, сол-сұлу, Сүйген адамға жаның жол табады. С. Сарайи
Махаббаттан өмір туады. Р. Хорезми
"Бұл дүниені ұстап тұрған-махаббат, егер сүю болмаса, адам да болмас еді",-депті біреу. Құтып
Үйлену дегеніміз-өз правоңның жарымын азайтып, міндеттеріңді екі есе көбейту деген сөз. А. Шопенгауэр
|
|
Өзінің замандасы, әрі тұрғыласы, дәулетті кісі Байғозы үйіне келгенде, өмірі кедейлікпен өткен, бірақ аты бүкіл қазаққа белгілі Байдалы шешен: -Мына тұрған біздің үй, Дәулеті жоқ ұйтқысыз. Сексен үйрек қамасаң, Бірін қармап тұтқысыз. Төрге салар кілем жоқ, Көрпе менен жастықтан Сілкіп салар сілем жоқ. Кедейлікті жеңуге- Келін шайпау, бала ынжық, Жасым жетті, шамам жоқ. Ойым-теңіз, сөзім бал, Мал дегенде тұлдыр жоқ. Байғозыға лақ сойсам жетпейді-ау, Енесін сойсам орны мүлдем бітпейді-ау!- депті.
|
Мен кішкентай кезімде еркекшора болып өстім. Екі бұтымның ортасына ұзын таяқты қысып алып, ауылдың ана басынан мына басына шыққанымша жолымдағылардың бәрін ойрандатып өтетінмін.Бір күні бет-аузымның бәрі қап-қара шаңға толы, үйге жетіп кірсем, керуетте өзіммен тетелес өскен жиен інім жатыр. Оның әкемнің төсегіне жатып алғанын қызғанып, "тұр да тұр" деп төпештей бастаймын. Үйдегілер: "Қой, ол бүгін сүндетке отырып, мұсылман болды",-деп жатыр. Келген көрші-қолаңдардың оның жастығы астына ақша, одан қалса, небір тәттілерді қыстырып жатқанын көрген мен қызғаныштан өтім жарылып: "Мені де сүндетке отырғызыңдар!"-деп қырғын салыппын. Сонымен, не керек, ата-анам келген молданы үйге қайтадан шақыртып, ініме жасаған жоралғыға ұқсатып үстіме ақ жауып, кішкентай матаға түйілген кішкентай бір затты бас жағыма байлап қойып, келгендерге: "Күнсұлу да мұсылман атанды"-деуге мәжбүр болыпты.
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Ол үшін өсімдік майы, асбұршақ (фасоль), майсыз сүт, картоп, қызанақ, банан, балық сияқты азық-түлікті күнделікті тамақта көп пайдалану қажет. Мұндай калориясы аз тағамдар адам өмірінің ұзаруына септігін тигізеді екен.
|
Ғалымдардың айтуынша, асқабақ бұдан бес мың жылдай бұрын қолдан өсіріле бастаған. Оны ең алғаш ежелгі египеттер, мексикалықтар, орта азиялықтар өсіретін болған. Европаға оның он алтыншы ғасырдың басында Солтүстік Америкадан әкелінгені мәлім. Асқабақтың жер-жерге жаппай тарағына өткен ғасырда. Асқабақтың тойымды тамақ болуына қоса, емдік, шипалық қасиеттері баршылық. Ол жүрек-қолқа жүйесінде кінәрат болғанда, семіріп кеткен жағдайда пайдалы. Халық ем-домында оның несеп жүргізетін, ыстықты түсіретін қасиеттері белгілі.Асқабақтың өзінің осындай тамақтық, шипалық қасиеттері болса, оның дәмінің бағалы екені кейінгі уақытта кеңінен мәлім бола бастады. Оны балмен араластырып жеп, ішек құрттарын түсіру үшін пайдаланады. Ежелгі емшілер асқабақтың шырынын ем ретінде ішкізген. Бүйрек, бауыр ауырған жағдайда күнін
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Әрбір мұсылман Құранды өзі ғана оқып үйреніп қоймай, оны бала-шағасына да үйретуге міндетті. Себебі пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) хадис шарифте:"Сіздердің ең жақсыларыңыз Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткен-деріңіз"-деген.Құрансыз өмір бос, мәнсіз екендігін әрбір мұсылман жақсы түсінуі керек. Құран оқылмаған үйде, жерде, елде береке, тыныштық болмайтынын есте сақтау ләзім. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл туралы хадис шарифте былай дейді: "Үйлеріңізде Құран Кәрімді көп оқыңыздар. Себебі Құран оқылмаған үйде жақсылық, береке аз болады. Ондай үй-іші әрдайым қиыншылықта болады" Яғни ондай үйде тыныштық болмайды. Дүниедегі еш нәрсе адам баласын Құрансыз бақытты ете алмайды. Отбасында тыныштық, татулықты тек Құран ғана бере алады. Әс
...
Толығымен (Подробнее)»
| |