Ұлы Отан соғысының ардагері, қарт майдангер Қинаят ата малта туралы мынадай бір хикая шертті. Соғыс даласындағы қырғын шайқаста, қатарымыз селдіреп, біздің взвод қорғаныс шебін тастап, шегінуге мәжбүр болды. Күші басым жау әскерінің танктері екі қанаттан орап, ту сыртымызға өтіп кеткен. Тірі қалған бес жауынгер сай-жыраны сағалап, жайдың тылында қалып қойдық. Аштық пен шөл бірдей қысқанда жүк қапшығымды ақтарып отырып, бес-алты құрт тауып алдым. Майданға келгеніме сегіз ай болса да, "елдің дәмі ғой",-деп ырымдап, жемей жүргенмін. Сенсеңіз, балам, сол тығылған жерімізде төрт күн, төрт түн тырп ептей жаттық. Өйткені мидай жазық далада жаудың көзіне түсіп қалудан қорықтық. Шынымды айтсам, ол уақытта тұтқын болғаннан гөрі, өлгенді артық санайтынбыз. "Пленде болыпты" деген қаңқу ілінген қызыләскерлерге елдің бәрі сенімсіздікпен қарайды. Бесінші күні таң ата біздің бөлім қарсы шабуылға шығып, қару-ж
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Әдетте қуықтың қабынуы (цистит) несеп жолдарына суық тигеннен пайда болады. Циститпен ауыратындар қатты тоңбауы керек, сондай-ақ, жазды күндері де аяқты жылы ұстау қажет. Егер қуықтың қабынуымен ауыра қалсаңыз, төмендегідей рецепт бойынша ем жасаңыз. 15 г танап қырықбуыны (полевой хвощ), 15 г қазтабанның тамырсабағы (корневища лапчатки) мен 20 г жолжелкенді (подорожник) 2 стақан қайнаған суға салып, 1 сағаттай бұқтырады. Осылай әзірленген тұндырманы күнде жатар алдында 1 стақаннан жылытып ішсеңіз, нәтижесі көп күттірмейді.
|
Сарыбай би аузынан Үмбетәлі ақынның айтуы бойынша жазылған қанатты сөз: Екі сөйлеген қарияның қадірі кетеді, Жетімді жетім деп қорлама, Ол да бір күн жетілер. Байды бай деп бұлдама, Ол да бір күн өкінер…
|
Уайым-қайғысыздығыңда уайым-қайғы қыл-дағы, сол уайым-қайғысыздықтан құтыларлық орынды қарекет тап. Әрбір орынды қарекет өзі де уайым-қайғыны азайтады. Уайым-қайғыңды орынсыз күлкімен азайтпа, орынды қарекетпен азайт. (Қ. Өмірәлиев, "Абай афоризмдері" шығармасынан)
|
"Көз тиді" деген сөздерді естиміз.Бұл жөніндегі мынадай қысқаша пікірлерге назар салсақ артық болмас.Психотерапевт,медицина ғылымдарының кандидаты Марат Әсіпов-"көз, тіл-сұқ" дегендерді медициналық негізде тұжырымдап беруге талпынып жүрген дәрігерлердің "пионері". Психологтың айтуынша, кейбір адамдардың көз жанарының табиғи сәулесі, ал алақанының биологиялық энергиясы мөлшерден көп болып кездесетіндігін, оның қазақы ұғымдағы "жүзі жұқа", медициналық терминде "қорғашын иммунитеті төмен" сәбилерге ерекше әсер ететіндігін, мұндай жағдайда медицина мен халық емін ұштастырудың зияны жоқтығын айтады. Мамандар адам бойындағы кері әсер етер сәулекүштің қандай құбылыстардан қуаттанатынын түсінбей әлек. Тіпті қатарымызда екі-үш жасқа келгенше баласына мейірлене қарауға жүрексінетін әкелер де бар. Сөз соңында ғана табиғи түйсігі өзгелерден ерекшеленіп тұратындар
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Бүйрек ауруларының түрлері көп. Олардың арасында тұрмыста жиі кездесетін бүйректің төмендеуі (нефронтоз), іріңді нефрит, пионефроз (бүйрек түбінің іріңді несеп бөлуіне байланысты кеңуі), паранефрит (бүйрек айналасындағы үлпершек тканьдарының қабынуы) т.с.с. кеселдер баршылық. Олардың әрқайсысы ерекше тәсілдермен, түрлі дәрі-дәрмекпен емдеуді қажет етеді.Диагноз нақты анықталғанда ғана бүйрекке ем-дом қолдануға болады. Науқас адам қатты әбігерге түскен кезде бүйректі "емдеу" үшін резеңке ыдыс (грелка), ыстық ванна пайдалану да қауіпті екенін еске сала кету артық емес. Бүйректен бөлінген несептің көмегімен жиналған тасты, құм қиыршықтарын "су екпінімен жылжыту, шығару" тиімді әдістер қатарына жатады. Ол үшін науқас адам бірнеше күн бойына тәулігіне екі рет (таңертең және кешке) 30-50 минут аралығында 6-8 стақан су ішуі керек. Осы кезде бүйрек қызметі күшейеді. Несептің бөлінуі артады. Ал, тасты
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Халқымыз ежелден сыйластықты қадір тұтқаны аян. Тіпті айнала қоршаған аң-құстың өзін барынша қадір тұтқан: "Қасқыр да қас қылмайды жолдасына" деп, қасқыр екеш қасқырға да жаны ашыған. Жаз айларында күшіктерін тойындыру үшін қасқыр алысқа жортып, бірнеше күн болмай қалса, бөлтіріктері аштан өліп қалмас үшін оған ет әкеліп тастап отырған. Осыны сезген қасқыр да "жақсылықты жақсылық" дегендей, қойшы малына бөтен бөрілерді жолатпай қорғайды екен. М. Қазбеков
| |