Сыртыңа біткен байлықта байлау жоқ, бір күні кедейленіп, қор боласың.
Кімде-кім басына төнген бақытсыздықтан соң адал, мейірімді, жан дүниесі таза адамға айналса, басына түскен қасіретке де қуана білуі керек. Өйткені бұл қасірет оның өз басына үлкен пайда әкелді ғой.
Адамның адамгершілік тұрғыдан азғындағандығының ең соңғы белгісі-ақиқатты айналып өткісі келетіндігі. Қорқақ әрі байғұс адам ғана шындықты айтудан, мойындаудан қашады.
Ақылды адам ойдың нәріне, сөздің мәніне қарап бағалайды. Бұндай сөзді айтқан адамның атақ-дәрежесіне қарамайды.
Дұшпандарыңды өзіңнің мейірімділігіңмен, дархан көңіліңмен таңғалдырып, жеңіске жет.
Мейірімді, қайырымды мен жатыпішер жалқаулықтың басы бір дастарханға сыймайды.
Өзіңнің іс-әрекетіңнің қаншалықты дұрыс-бұрыстығына көз жеткізгің келсе, оны өзіңнен ақыл-есі төменнен емес, қатарластардан немесе өзіңнен жоғарылардан сұра.
Табандылық пен ізденімпаздық арқылы беймәлім нәрсенің сырын ашуға, ауырды жеңілдетуге, сөйтіп, жеңіске жетуге болады.
Әрбір сөзіңе есеп беріп, сақтықпен сөйле. Өзіңе белгілі әңгімені ғана айту керек.
Кейде пікірталастың соңы ұрыс-керіске айналады. Себеп біреу-әркім өзінікін растауға тырысады. Және дөрекі мінез-құлқымен бір-бірінің ашуын оятады.
Шектен тыс ешнәрсе істемеуге тырыс, өйткені ол адамның дене қуаты мен ақыл-ойының сарқылуына әкеліп соғады.
Жалғасы бар...
|