Өзінің замандасы, әрі тұрғыласы, дәулетті кісі Байғозы үйіне келгенде, өмірі кедейлікпен өткен, бірақ аты бүкіл қазаққа белгілі Байдалы шешен: -Мына тұрған біздің үй, Дәулеті жоқ ұйтқысыз. Сексен үйрек қамасаң, Бірін қармап тұтқысыз. Төрге салар кілем жоқ, Көрпе менен жастықтан Сілкіп салар сілем жоқ. Кедейлікті жеңуге- Келін шайпау, бала ынжық, Жасым жетті, шамам жоқ. Ойым-теңіз, сөзім бал, Мал дегенде тұлдыр жоқ. Байғозыға лақ сойсам жетпейді-ау, Енесін сойсам орны мүлдем бітпейді-ау!- депті.
|