(Мамандар кеңесі)
Қай ата-ана болмасын баласының тәртіпті, алғыр, зейінді болғанын қалайды. Олай болса баланы осылай тәрбиелеу керек. Бұл ретте психологтар мынадай кеңестер береді.
-Баланың жауабына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
-Балаңыздың жеке бөлмесі не бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз.
-Егер ол шығармашылық іс-әрекетпен айналысып отырған болса, шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз.
-Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсету керек.
-Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен салыстырмаңыз.
-Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
-Отбасымен шешетін мәселелерге балаңызды қатыстырып, оның жеке ой пікірімен санасыңыз.
-Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз.
-Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
-Жас мөлшері әр түрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз.
-Қиын нәрселерді тауып және оны өз бетімен, жауапкершілікпен шешуде балаңызға көмек көрсетіңіз.
-Балаңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап, жақсы көретіңізді сездіртіңіз.
|