Бұл кеңестердің түсініксіз тұстарын, ылғи еске салатынымыздай, дәрігеріңізден сұрайсыз. Беттегі безеуді тез кетіретін маска-қияр маскасы. 3 дана жаңа піскен қиярды ұсақтап турап, 1 стақан қайнаған суға салыңыз да, оған 1 шай қасық бал араластырып, бетіңізге жағыңыз. 25 минут өткен соң, бетіңізді салқын сумен шаясыз. Қиярдан жасалған масканы аптасына 2 рет жасап отырсаңыз, беттегі безеудің кете бастағанына көз жеткізесіз. Осы орайда, сәбіз маскасын да жасаған жөн. Ол үшін 1 стақан сәбіз шырынына 1 шай қасық кілегей араластырып, бетке жағады. 10 минуттан соң, бетті салқын сумен жуады. Сәбіз маскасы безеуді ғана жойып қоймай, бетті тегістеп, әжімді азайтады.
|