Адамның жұмысқа жарамдылығы тұрғысына келгенде 18 жас пен 20 жастың арасы адамның зердесі мен қисынды ойлау, жұмыс істеу қабілетінің ең күшті кезеңі. Ал, адам 30 жасқа толғанда оның бұл қабілеті 4 пайыз кемісе, 40 жасында 13 пайыз, 50 жасында 20 пайыз, 60 жасында 25% кемиді екен. Бұдан 10 жылдан кейін, яғни 70 жаста адам өзінің 18-20 жастағы күш-қуатының 60 пайызын ғана сақтап қалатын көрінеді. Қай сағатта қандаймыз? Жоғарыда жылдар жөнінде айтқан болсақ, ғылым осы жылдарды құрайтын тәуліктің әрбір сағатында адамның әртүрлі күйде болатынын да анықтап отыр. Айталық, сағат таңғы 5 пен 6, сәскедегі 11 мен 12, түстен кейінгі 16 мен 17, кешкі 20 мен 21, түнгі 24 пен 1аралығында адамның жұмыс істеу қабілеті күшейіп, артатын болса, түнгі 2 мен 3, сәскедегі 9 бен 10, түскі 14 пен 15, кешкі 18 бен 19, түнгі 22 мен 23 аралығында бұл қабілет әлсірейді екен. Ұлылар ұлағаты Дене құрылысының үйлесімін бірқалыпты ұстау дегеніміз-тағам мен сусынды талғау, дәрет тәртібін мұқияттау, киім мен ауа тазалығын сақтау, дене мен рух бірлестігін естен шығармау, ұйқы тәртібін бұзбау. Ибн Сина
|