- Жасыңыз. Әр жасқа бір балл. Егер жасыңыз 40-та болса, 40 балл.
- Салмағыңыз. Қалыпты салмақ бойдың ұзындығынан 100-ді алып тастағанға тең деген шама бар. Қалыпты салмақтан төмен әрі килограмм үшін 5 балл қосылады, ал қалыпты салмақтан жоғары әр килограмм үшін 5 балл алып тасталады. Мәселен, бойыңыздың ұзындығы 176 см, салмағыңыз 85 кг болса, онда екінші көрсеткіш бойынша минус 45 балл аласыз.
- Темекі. Темекі шекпейтіндерге 30 балл қосылады. Шегілген әр тал темекі үшін 1 балл алып тасталады. Егер сіз күніне 20 тал шылым шексеңіз, онда сіздің үшінші көрсеткішіңіз минус 20 баллды құрайды.
- Төзімділік. Егер сіз төзімділігіңізді күшейту мақсатында күн сайын жаттығу жасасаңыз (жүгірсеңіз, жүзсеңіз, болмаса велосипед тепсеңіз, жүрек қан-тамырлары жүйесінің қызметін жақсартатын жаттығулар жасасаңыз), онда, сіз 30 балл аласыз. Аптасына төрт рет жаттығу жасасаңыз 25 балл, үш рет жасасаңыз-10 және бір рет жасасаңыз 5 балл аласыз. Егер сіз дене тәрбиесімен мүлде айналыспасаңыз, онда жалпы сомадан 10 балл алып тасталады. Егер салбөкселік өмір салтын ұстансаңыз онда тағы 20 балдан қағыласыз.
- Тыныш күйде тамыр соғуы. Егер тыныш күйде сізде тамыр соғуының саны 90-нан аз болса, онда одан төмен айырма әр тамыр соғуы үшін сіз бір балл аласыз. Мәселен, минутына тамыр соғуыңыз 72 болса, 18 балл аласыз.
- Қысымнан кейін тамыр соғу жиілігін қалпына түсіру. Екі минут жүгіріңіз де, кейін 4 минут жатып дем алыңыз. Тыныш күйде тамыр соғуыңыздан 10 соққыға көп болса 30 балл, 15 балл аласыз, ал 20 және одан да көп болса, бір балл да ала алмайсыз. Алты көрсеткіш бойынша жалпы соманы есептеңіз.
20 баллдан аз болса. Дәрігерге қаранып, денсаулығыңызды тексерткеніңіз жөн. Артық салмағыңыздан арылу үшін дене жаттығуымен айналысыңыз. 21-30 балл. Денсаулығыңызға қауіп төндіріп тұрған факторлармен (артық салмақ, темекі шегу, қимылсыздық) күресті бастамасаңыз жағдайыңыз қиын болмақ. 61-100 балл. Нәтиже жаман емес, осы бағыттан танбаңыз. 100 балдан жоғары. Денсаулығыңыз өте жақсы. Ағзаңыздың (организміңіздің) төзімділігі мен ауруға қарсы тұру қабілеті жоғары. Осы қарқыңызды бәсеңдетпеңіз.
|