Соңғы жылдары жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жүгері аналығының өт жүргізетін қасиеті бар екені дәлелденді. Оның әсерінен өт секрециясы артады да, билирубин саны азаяды, өт сұйылады, қандағы протромбин саны артады, диурез күшейе түседі. Жүгері аналығын басқа да дәрілік өсімдіктермен қосып холецистит, гепатит кезінде өт жүргізетін және өт бөліп шығаратын дәрі ретінде, сондай-ақ қан кетуін тоқтататын препарат ретінде қолданады. Соңғы кезде жүгері майы шипалы дәрі ретінде пайдаланып жүр. Жүгері майының құрамына кіретін май қышқылдарының қандағы холестерин санын кемітетін қасиеті бар, сондықтан жүгері майын күнбағар майымен бірге атеросклероздың алдын алуға және оны емдеуге қолдану ұсынылады.
|