-Жаманнан жақсылық шықпайды. -Арам пиғылды адам әрекетінің өңін ғана өзгертеді, мазмұны бір. -Жаманның жақсы болуы қиын, жақсының жаман болуы оңай. -Сәттілік те, сәтсіздік те өткінші. -Есіңде болсын, таңғажайып дүние жасаймын дейтіндердің қолынан ұсақ шаруа да келмейді. -Сенген адамның орға жығуы әбден мүмкін, керісінше көзіңе еленбей жүргендер құтқарып қалады. -Тәттіқұмарлық, көре алмаушылық, тым сенгіштік-құрдымға жіберетін осал мінез-құлықтар. -Табиғат жаратпаған дүниені іздеп әуре болма. -Өзіңнен зормен бәсекелесіп, пайда таппайсың. -Әркімнің қолынан келер іс бар, әр істің жүзеге асар өз уақыты бар. -Жасың ұлғайғанда да ізденіп-үйренуден жалықпа. Ештен кеш жақсы. -Достарды байқап таңдаған жөн: жасаған жақсылығың алғыспен қайтарсаң да өзің ешкімнен алғыс күтпей жақсылық жасауға дағдылан. -Тіршілік тауқыметін төзімділігің мен одан басқа да кеңшілік қасиеттерің жеңеді. -Абзалы-өзіңнің жеке және өзгенің қателігінен үйреніп өмір сүру. -Қандай қайғылы қасіретті кешсең де «бұл менің ғана басымда бар жәйт емес» деп қабылдау-нағыз ақылдылық. -Бай болғаннан гөрі саналы болған артық. Байлықтан айырылсаң да ақыл өзіңде қалады. -Өмір қалай дегенде де өлімнен жақсы. -Даналық дегеніміз-қай кезде де нақты әрі бейнелі айтылатын ақиқат.
Авторы А.Үмбеттегі
|