Бір қарт адам орманға барып, біраз отын дайындайды. Текшелеп жиған отынын арқасына байлап, үйіне қарай аяңдайды. Ұзақ жол жеткізбей қояды. Оның үстіне арық жауырынына ағаш та батып, берекесі қашады. Әбден қалжырайды. Сосын тынықпақшы болып, отынын арқасынан түсіріп, ағаш түбіртегіне отырады. Әрі беріден соң:-А, Құдай, маған өлім бере гөр! Мына азаптан құтқар мені!-деп жалына айғайласа керек. Ғайыптан тура алдында Ажал пайда болыпты. Бірден өзін неге шақырғанын сұрапты. Сонда қария:-Мына отынымды үйіме жеткізіп салшы деп айтайын деп едім,-десе керек. Қанша күрделі болса да өлімнен гөрі өмір артық. Адамдар өмір сүргісі келеді.
|
Неше күн ас ішпей, қарны қабысқан түлкі жортып келе жатып, жол жиегінде пісіп тұрған жүзім дестесін көреді. Сілекейі шұбырып қоя береді. Жүзімі салбыраған қалың бұтаға жақындай түседі. Әрлі-бері әуреленіп, жүзімнің дәмін татқысы–ақ келеді. Бірақ бойы жетпейді. Жүзім тым биікте екен. Амалсыздан сапарын жалғастырады. Кетіп бара жатып өзіне-өзі: -Әлі піспеген, көкпеңбек жүзім ғой,-депті. Кей адамдардың өзінің іскерлігі, білім, пайымының жетпегенінен ойына алған биікке шыға алмағанын өзінен емес, өзгеден көретіні, әр түрлі жағдайды сылтау ететіні мысалға негіз болған.
|
Күн құдайы той жасапты. Тойға алыс-жақын жердегі барлық аң-құс біткенді шақырса керек. Тойға ағылғандарда есеп болмайды. Әрқайсысының шама-шарқынша тойға әкеле жатқан сыйлығы бар. Улы жылан да құр қол емес. Тістеген бір тал қып-қызыл раушан гүлі бар. Мұны көрген күн құдайы:-Бәрінің сыйын алсам да сенің гүліңді алмаймын,-десе керек. Мысал әңгімеден ниеті бұзық адамдардан сый алу да қауіпті екенін түсінесің.
|
Кішкентай ақ тышқан жорғалаған күйі ұстаханадан бір-ақ шығады. Жүзі жарқыраған араны көре сап, жалай бастайды. Араның өткір жүзіне тілінген тілінен шып-шып қан ағады. Қанағаны ойына кіріп-шықпаған ақ тышқан «темір бөлінген тәттіні жұтып жатырмын» деп ойлап, одан сайын жалайды. Тілі біржолата кесіліп түседі. Мысал әңгіме көзсіз пайдақұмарлықтың түбі неге соқтыратынын ұқтырады.
|
-Менің ұсқыныма қарама, ұшқыр ойыма қара. Ақыл ажарлыға ғана біткен емес. -Ел билеуші патшадан мүмкіндігінше алыс жүр, жақындай қалсаң оған ұнайтын нәрсені ғана айт. -Данагөрлердің ел билеушілермен түсінісе әңгімелесуі қиын. Өйткені даналық тұнып тұрған шындық. Ащы шындықты тәп-тәтті жеткізу мүмкін емес. -Тақта отырғандар-от. Тым жақындасаң-күйесің, алыс қалсаң-жаурайсың. -Түрі көрікті, тірлігі көргенсіз әлдекімге Эзоп: -Әдемі киінетін шығарсың-ау, бірақ жиренішті шешінетінін жаман екен,-десе керек. -Ел билеуші патша Эзоптан:-Данагөрлермен кеңесуге байлар емес, кедейлер неге құмар?-деп сұрайды. -Өйткені данагөрлер бұ дүние тіршілігіне ең қажет нәрсе не екенін жақсы түсінеді. Оны байлар білуге тырысса, қанекей! Солай болғанда бай адамдар байыған үстіне баюды көздегеннен гөрі жанына мәңгілік серік етер даналықты іздеген болар еді,-депті. -Қара күштен гөрі сенімді көз анағұрлым қуатты. -Іспен дәлелдуге бо
...
Толығымен (Подробнее)»
|
-Жаманнан жақсылық шықпайды.-Арам пиғылды адам әрекетінің өңін ғана өзгертеді, мазмұны бір.-Жаманның жақсы болуы қиын, жақсының жаман болуы оңай. -Сәттілік те, сәтсіздік те өткінші.-Есіңде болсын, таңғажайып дүние жасаймын дейтіндердің қолынан ұсақ шаруа да келмейді.-Сенген адамның орға жығуы әбден мүмкін, керісінше көзіңе еленбей жүргендер құтқарып қалады.-Тәттіқұмарлық, көре алмаушылық, тым сенгіштік-құрдымға жіберетін осал мінез-құлықтар.-Табиғат жаратпаған дүниені іздеп әуре болма.-Өзіңнен зормен бәсекелесіп, пайда таппайсың.
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Көне грек мысалшысы Эзоптың нақты туған жылы мен айы белгісіз. Біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда өмір сүрген. Көзі жұмылғанша Ксаеф есімді ауқатты әлдекімнің байкесті құлы болыпты. Эзопты тұңғыш рет көрген адам бейне құбыжыққа жолыққандай әсерде қалады екен. Басы қазандай, ұшы үшкірленіп біткен мұрны репетсіз ұзын. Тілінің мүкісі бар, сол себепті сақауланып сөйлейді. Қолдары қысқа, өзі бүкір, қарны тізесіне түскен. Оралымсыз қимылдайтыны соншалық, ол жүрген жерде әлдене құлап немесе сынып, салдыр-гүлдір дыбыстар қатар естіліп жатады екен. Сонысына қарамай ерекше қалың еріндері арасынан шыққан қыршаңқы сөздері төңірегіндегілерді қыран-топан күлкіге кенелтетін көрінеді. «Қарай гөр өзін! Сақау болғанда былай сөйлейді, түзу сөйлесе мынаның тілі тірі адамды жерге кіргізетіндей екен, ә...» деп таңдай қағысқан...»
| |