Воскресенье, 07.12.2025, 09:20
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 10
Гостей: 10
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2010 » Январь » 01
Көшеде көлденең жүрген бір-екі кісіге кездескен біреу «мына дүкеннен нені болсын ешкімге байқатпай алып шыға аламын» деп мақтанады. Оны тыңдап тұрғандардың біреуі тіпті бір қорап кәмпит алып шыға алсаң елу теңге тігейін деп бәстеседі.
-Мені осы арадан күт,-деп мұны босағада қалдырып, мақтаншақ ізінше бір қорап кәмпитті қолтықтап қайта шығады.
-Міне, айтқанымда тұрдым, енді бәсіңізді беріңіз.
-Шынында епті екенсіз,-дейді анау.-Бірақ мен қылмысқа қарсы күресетін полиция адамымын. Сізді ұрлығыңыз үшін апарып қамауға тиіспін.
-Оған асықпаңыз,-деп күлді мақтаншақ,-Мен осы дүкеннің иесі боламын.

М. Төктебайұлы
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 2392 | Добавил: модератор | Дата: 01.01.2010

Ел аңқау болса, доңыз төбеге шығады.

Жапа шеккен опа көрер.

Іс көп-темір аз,
Ұста көп-көмір аз.

Тек жатардан тәңірі де безер.

Аузы қисық болса да,
Байдың қызы бай таңдар.

Іші пысқан қатын ісі бардың ісін қалдырар.

Аштан өлгеннің қойнынан ақ нан іздеме.

Бар жерінде бал да арзан.

Күмән сенімнен айырар.

Өзін-өзі түсінген-кемеңгер.

Жақсы әйел мен жақсы ат
Күлмей тұрып күлдірер.
Жаман әйел, жаман ат
Өлмей тұріп өлтірер.

Қаңғыбас ерге барғанша,
Қазулы көрге бар.

Құрғақ сөз құлаққа жақпас.

Жаны сауға  күнде той.

Есек семірсе, иесін тебеді.
Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 1692 | Добавил: модератор | Дата: 01.01.2010

Бісмілла, бісмілладан деп айтамыз,
Жаман сөз жарамаған неге айтамыз?
Жаман сөз жарамаған біз айтпаймыз,
Мұхаммед құдай досы деп айтамыз.

Бісмілла, бісмілладан екеу екен,
Жүйрікті шабан қуып жете ме екен?
Барында тіршіліктің иман ізде,
Өлген соң имансыз жан бекер екен.

Бісмілла, бісмілладан бірден сабақ,
Алдында үлкендердің жезден табақ.
Бермесең тірі күнде «зекет-ұшыр»,
Өлген соң алдың тозақ, артың қамақ.

Бісмілла, бісмілладан бісмілла ашар,
Білмейді бісмілланы кейбір нашар.
Аузыңнан бісмілланы тастамасаң,
Періште жолыңды ашып, шайтан қашар.

Ей, Алла, беріп ең сен адамшылық,
Танылмас тап бермеде наданшылық.
Мұхаммед үмбетімін, сиынамын,
Денеме дарытпас деп жаманшылық!

Ел ішінен жазып алған О. Асқар
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 1099 | Добавил: модератор | Дата: 01.01.2010

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Январь 2010  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz