Бір қарт адам орманға барып, біраз отын дайындайды. Текшелеп жиған отынын арқасына байлап, үйіне қарай аяңдайды. Ұзақ жол жеткізбей қояды. Оның үстіне арық жауырынына ағаш та батып, берекесі қашады. Әбден қалжырайды. Сосын тынықпақшы болып, отынын арқасынан түсіріп, ағаш түбіртегіне отырады. Әрі беріден соң:-А, Құдай, маған өлім бере гөр! Мына азаптан құтқар мені!-деп жалына айғайласа керек. Ғайыптан тура алдында Ажал пайда болыпты. Бірден өзін неге шақырғанын сұрапты. Сонда қария:-Мына отынымды үйіме жеткізіп салшы деп айтайын деп едім,-десе керек. Қанша күрделі болса да өлімнен гөрі өмір артық. Адамдар өмір сүргісі келеді.
|