Неше күн ас ішпей, қарны қабысқан түлкі жортып келе жатып, жол жиегінде пісіп тұрған жүзім дестесін көреді. Сілекейі шұбырып қоя береді. Жүзімі салбыраған қалың бұтаға жақындай түседі. Әрлі-бері әуреленіп, жүзімнің дәмін татқысы–ақ келеді. Бірақ бойы жетпейді. Жүзім тым биікте екен. Амалсыздан сапарын жалғастырады. Кетіп бара жатып өзіне-өзі: -Әлі піспеген, көкпеңбек жүзім ғой,-депті. Кей адамдардың өзінің іскерлігі, білім, пайымының жетпегенінен ойына алған биікке шыға алмағанын өзінен емес, өзгеден көретіні, әр түрлі жағдайды сылтау ететіні мысалға негіз болған.
|