-Менің ұсқыныма қарама, ұшқыр ойыма қара. Ақыл ажарлыға ғана біткен емес. -Ел билеуші патшадан мүмкіндігінше алыс жүр, жақындай қалсаң оған ұнайтын нәрсені ғана айт. -Данагөрлердің ел билеушілермен түсінісе әңгімелесуі қиын. Өйткені даналық тұнып тұрған шындық. Ащы шындықты тәп-тәтті жеткізу мүмкін емес. -Тақта отырғандар-от. Тым жақындасаң-күйесің, алыс қалсаң-жаурайсың. -Түрі көрікті, тірлігі көргенсіз әлдекімге Эзоп: -Әдемі киінетін шығарсың-ау, бірақ жиренішті шешінетінін жаман екен,-десе керек. -Ел билеуші патша Эзоптан:-Данагөрлермен кеңесуге байлар емес, кедейлер неге құмар?-деп сұрайды. -Өйткені данагөрлер бұ дүние тіршілігіне ең қажет нәрсе не екенін жақсы түсінеді. Оны байлар білуге тырысса, қанекей! Солай болғанда бай адамдар байыған үстіне баюды көздегеннен гөрі жанына мәңгілік серік етер даналықты іздеген болар еді,-депті. -Қара күштен гөрі сенімді көз анағұрлым қуатты. -Іспен дәлелдуге болатынға сөз шығындама. -Әркім өз қалауын талап етсе, бүтін жұртшылық қиындыққа ұшырайды. -Нағыз дос бақытсыздыққа душар болғанында анықталар.
|