Сұрақ: Мен мектептің жоғары сыныбында оқимын. «Елестеттің көктемді» бір ән болушы еді. Соны таба алмады. Мүмкіндіктеріңіз болса, осыған көмектессеңіздер екен.
Күлзипа, мектеп оқушысы
Жауап: Тегінде мұндай жәйіттерді өздеріңіз білуге тырысыңыздар. Өйткені бұл баршаға мәлім, ән «Шақырады көктем» деп аталады.
Әні: Ә. Бейсеуов,сөзі: Т.Молдағалиев
1. Елестеттім көктемді гүл ашқан,
Көздеріңе ғашықпын нұр шашқан.
Алыстарға жетеле, еремін.
Сені ғана бақыт деп сенемін.
Қ-сы:
Арманымдай алдағы,
Ақ шуақтай таңдағы,
Аялай бер арманым, аялай бер!
Сандуғаштар жырлаған,
Көктемдерге бір барам,
Шақырады біздерді көгорай бел!
2. Қолыңды бер, жатсынба, арманым,
Сәуледей боп аяла таңдағы.
Шақырады жас көктем гүлімен,
Шақырады жасыл бақ жырымен.
Қ-сы
|