Жақсылық
Дәрігер өзіне әбден таныс болып қалған науқаспен кезекті кездесуінде:
-Осы біз ылғи кемістік туралы айта бермей, жақсылығымызды да айтқанымыз жөн емес пе, ия?- дейді: Анау елжіреп:
-Ол дұрыс қой. Бірақ, сондай нәрсе болса ғой? -демесі бар ма. Сонда дәрігер одан:
-Сізде ішегіңіздің құрты бар ма?- деп сұрайды.
-Жоқ, ойбай! Жоқ!
-Міне, тамаша! Жақсылық деген осы...
Күш керек екен...
Бір жас жігіт дәрігеріне:
-Сіз соңғы берген таблеткаларыңыз менің күшіме күш қосылсын деген ойыңыз ғой, ия?
-Ия, не боп қалды?
-Сол дәрі-дәрмек салынған бөтелкенің (шишаның) аузын аша алмай әлекке түсіп жүрмін...
|