Мектептерде оқу жылы аяқталып қалғаны баршаға мәлім. Осыған сәйкес оқырмандарымыздың бірі бастауыш сынып мұғаліміне арнаған құттықтауын осылай атапты. Аты-жөндері толық көрсетілмегенімен ата-аналардың ұстаздарға дегн жылы ілтипаты айқын сезіледі, сондықтан толықтырмай-ақ түзетусіз жариялап отырмыз.
Уақыт өтіп бара жатыр желдетіп,
Кішкентайлар келе жатыр ер жетіп,
Ойлап тұрсақ бұл өмірде тоқтау жоқ,-
Тек шаршама, жалауыңды өрге тік!
Өрле алға, өрімдей бір жастармен,
Денің сау боп, қызметіңмен қастерлен,
Бала-шағаң, үй-ошағың, ағайының аман боп,
Атың шықсын өнегелі істермен!
Төрт жыл бойы көрінді маңдай терің,
Бастауышты бітірді өрендерің,-
Ата-аналар жиналды риза боп,-
Көргендей қатар жүрген кемеңгерін!
Себебі тәрбие ісі оңай емес,
Ешкім де оқу жағы оңай демес,
Бәріне шыдап жүрген Гүлмирамыз,-
Ойын-тойдан қалдым деп уайым жемес.
Жүрегіңді аялап жылы сезім,
Арта берсін ішіңдегі мықты төзім,
Хоштасарда айта алмадық көп пікірді,-
Қайда жүрсең, аман жүр, соңғы-сөзім.
Ата-аналар атынан Сейтен, Кәмилә,
Өскемен қаласы 2015 жыл.
|