Адам әр кездерде түрлі жағдайларға байланысты депрессияға ұшырып отырады. Әсіресе күз мезгілінде оның әсері тез байқалады. Мәселен, күн салқындағалы ұйқыңыз қанбай жүрсе, денеңіз дел-сал болып, жұмыс не сабаққа ынта төмендесе, көңіл-күй құбылмалы болып тұрса, өз-өзіңізден тұнжырай кетсеңіз, бұл күзгі депресссияның белгісі.
Мұндай әрбір адам өз тәсілдерін қолданса болады. Мысалы, біреу киім дүкендерін аралаумен «емделсе», екіншісі музыканы барынша қатты қойып, билеп алуы мүмкін. Бірақ бұл тәсілдер біреуге көмектессе, екіншісіне көмектеспеуі де ықтимал. Ондай жағдайда төмендегі тәсілдерге назар аударыңыз:
1.Ең алдымен тыныс алуды реттеп алған жөн. Себебі бұл миға оттегінің жеткілікті келуі мен қан айналымының жақсаруын жүзеге асырады. Ол үшін далаға шығып, әрбір 4-ші қадамда дем алып, келесі 4-ші қадамда тағы да дем алмайсыз. Осы жаттығуды өте жиі қайталап отырған дұрыс.
2.Тағы бір маңызды жаттығу: ол сіздің отыратын бөлмеңіздегі барлық заттарды таза, аппақ түсті жамылғымен жауып, сонда екі-үш сағаттай отыру қажет. Бұл жүйке жүйесінің қалпына келуіне ықпал жасайды.
3.Тағы бір кеңес: жоғары ватты жарық лампаларға ақшаңызды аямаңыз. Және терезелерді пердемен жаппаған дұрыс. Бөлмелеріңізде жарық неғұрлым көп болса, соғұрлым миыңызға келіп түсетін сигнал әлсірейді де, Сіз қайтадан бойыңызға сергектігіңізді қайтарып аласыз.
Ең бастысы-қол қусырып отырмау. Депрессия тұмау сияқты физикалық көзге көрінетін ауру болмағанымен, оның ағзаға тигізетін зияны тұмаудан екі-үш есе артық болады. Себебі депрессия-жан ауруы. Ағзаңыз депрессия тұтқынына түссе, жаныңызды жалқаулық жеңіп алады. Сондықтан немқұрайлы қарауға болмайды.
Жоғарыда айтылған кеңестерді есіңізде сақтап жүрсеңіз, айналаңызға қызығушылығыңыз артады, кім-кіммен де оңай тіл табысасыз, өміріңізде де жақсы жаңалықтар мен сәттілік көп күттірмес...
|