Мына бір қарапайым қағидаларды есте ұстаңыз: -Сәтті адамдармен өзіңізді теңестіргенді қойыңыз. Дәл осы салыстыруларыңыз нақты ойыңызды толығымен жойып жібереді. Қол жеткізген табысыңызға назар аударып, өзіңізді мақтан тұтыңыз. Алдыңызға жаңа мақсат қойыңыз. -Алға қойған мақсатыңызды спорттық жарыс сияқты көзге елестетіңіз. Бақталасыңыз өте мықты және өзіне сенімді. Ол бақталас-өзіңіз! Енді алдыңызға қойған мақсатты бірнеше топқа бөліп қарастырыңыз. Ең бастысы, Сіздің мақсатыңызға қол жеткізуіңізге ықпал ете ме, жоқ керісінше, мақсатыңыздан аластата ма? -Мысалы, сіз Испанияға демалуға баруға дайындалудасыз. Сіз 3 айдан бері жаңа үлгідегі киім алумен айналысып жүрсіз. Ал енді Испанияға баруға киім алмасаңыз да болады. Бұл салыстырмалы түрде алынған мысал. Енді өзіңізге сұрақ қойыңыз, қалай қарай жылжып барасыз, дұрыс жолмен бе, жоқ бұрыс жолмен бе? -Бай адамдар жетістіктерге жету үшін қандай әдістерді қолданды екен? Енді осыған назар аударайық. Миллиардер Дональд Трамп былай дейді: «Маған кәсіпкерлікте жасөспірімдерді бақылау әрдайым рахат әкеледі. Біреулері сезгіштігімен байқалса, басқалары-табандылығымен, ал кейбіреурін бақылаушылар деп атар едім. Дегемен олар өте аңғарымпаз. Кәсіпкерлікте керек қасиеттерді тез игеріп санаулы секундтарда қағып алады. Сондай-ақ олар міндетті түрде жетістіктерге жетеді». -Сіздің әріптестеріңізді табыстырақ болуға не жетелейді деп ойлайсыз? Олардың алға ұмтылуына не көмектеседі? Өз сенімділігіңізді үнемі жетілдіріңіз және оны өз банктегі есебіңізден бөліңіз. Ақша жоғалту қорқынышты нәрсе. Ал өз сенімділіңізді жоғалту әлдеқайда қорқыныштырақ. -Ойланыңыз: Сізге табыстарды көбейту үшін не керек? Ақша таба отырып оларды қайда және не мақсатқа жұмсайтыныңызды әрдайым анықтап отырыңыз. Және бұл ойлар тек қана оң эмоциялар шақыратын болсын. Өзіңіздің ең батыл ниеттеріңізден қорықпаңыз, өзіңізді қомақты оңай жұмсай алатын адамша ойлауға үйретіңіз. Оңай әрі жеңіл табыстарға қызықпаңыз, табысқа ету үшін еңбектеніңіз. Ақшаға иелік ету-ол да бір үлкен табандылықты талап ететін ғылым. Сондықтан ақшаны табуды ғана емес, үнемдеу және дұрыс жаратуды да білгеніңіз жөн. Ақшаны дұрыс жұмсай білу де байлықтың кілті екенін есте ұстаңыз.
(«Керек кеңестер» № 21, 2011 ж)
|