Қазір ұл-қыздарының сабағының нашарлығын айтып, шағымданатын ата-аналар аз емес. Алайда нашар оқитын балалардың барлығы зейінсіз емес екен. Олар қайдан пайда болады? Оқушы тақтадағы жазуды, көрнекі құралдарды көре алмағандықтан, мұғалімнің айтқанын жақсы ести алмағандықтан, мидағы түйсіну-қорыту процесі нашарлайды. Көзі көрмеген нәрсені мида қорыту өте қиын. Мұндайда баланы кінәлаудан бұрын, оның денсаулығын кінәраттан арылту керек. Басқаша айтқанда, жаман оқитын бала жоқ, керісінше, көзі нашар көретін, құлағы кеміс балалар бар. Әрбір ата-ана баласын балабақшаға, мектепке алып барардан бұрын міндетті түрде денсаулығын толық тексертіп алғаны дұрыс. Дені сау бала ғана жақсы оқиды, болашағын ойлайды. Бұл-қағида.
|