Ақын, жазушы драматург-журналист Ақылбек Шаяхмет
Біреу қазып, біреу жазып күн көрер,
Біреу айтпай, біреу айтып үлгерер.
Әр кісінің бар үйренген кәсібі,
Бір-бірінен қайсысы артық, кім білер?!
Шымбайына шындық батса жым болып,
Жүргендер бар жағынумен күн көріп.
Нағыз бақыт-төккен тердің өтеуі,
Есіл еңбек еш кетпесе құм болып.
Біреу қолмен, біреу тілмен күн көрер,
Жұмыс таппай жүрген де бар сенделген.
Айналысар құлай сүйген ісімен
Нағыз маман өз кәсібін меңгерген.
Кімге бөгет, кімге көмек, кімге өріс,
Жер бетінде толып жатыр күнкөріс.
Сол күнкөріс адалдықтан аттаса-
Арғы жағы жиіркенішті, бүлген іс...
|