Кебекте өте көп мөлшерде химиялық тұздар мен В және Е тобының дәрумендері бар. Ондағы фосфорлы зат пен глютен ағзаға таусылмас қуат береді, ауруды өз бетінше жеңіп шығуға да жәрдем. Кебек аралас ұнға пісірілген тағамды (нан, печенье) көбірек тұтану ас қорытуды жақсартып, тырнақ пен шаштың сынғыштығын кетіретіні сондықтан. Бидай кебегі бүйрек пен бауыр ауруларын болдырмайды, ішектерді тазалайды.
Ертеректе қуығына суық тиген жанның табанына кебек қыздырып басатын тәсіл болатын. Оның тиімділігін әжелер әлі күнге мойындайды. Шыжың мазалайтын жас балаларды жазда күн астында тұрып қызған кебек үстіне отырғызатыны бекер емес. Олай болса кебекке мал азығы деп қана қарамаңыз.
Е. Еркежан.
|