Маман дәрігерлер талайдан бері тауық сорпасын ішудің зияндылығын ескертіп келеді. Себебі, қайнату арқылы оның етінде сақталған зиянды заттардың барлығы сорпаның бетіне шығады. Біз бұл жерде химиялық қоспасыз, экологиялық жағынан таза, аулада, қолда өскен тауықтар турасына айтып отырған жоқпыз. Әңгіме біздің дүкендер мен базарларда сатылатын тауық еттері жөнінде болып отыр. Ірі құс фабрикаларында тауықтарды семірту үшін және ауру жұқтырмас үшін жем-шөбіне адамға зиянды түрлі химиялық қоспалар мен антибиотиктерді қосатыны белгілі. Қайнатқан жағдайда соның бәрі сорпаға шығып, тауық етінің өзінде зиянды түрлі ештеңе қалмайды. Сондықтан тұмау-сұмауда денсаулыққа зиян келмес үшін дүкеннен немесе базардан алған тауық етінің сорпасын ішпеген жөн.
Фото: Миллион вопросов
|