Күрт көбейіп, жаназа, қонақасы,
Жиі келер жер болды мола қасы.
Барлық жолдың бақиға апаратын
Атақтысы бүгінде-жол апаты!
Теріс іске кей пенде текке еліктер,
Терден оған орын жоқ-тексеріп көр.
Ұшақша ұшып, ажалға құшақ ашар
Тасып аққан тас жолда көп көліктер.
Келешектен осы шақ сый күткенді,
Ентелейді күйкі істерді.
Қия жолда бір таныс қыршын кетіп,
Бір досымның аяғы гипстелді.
Кімге аяусыз тырнағын өлім салса,
Сол сезеді тұрарын өмір қанша.
Темір тұлпар жүйткіген
Қас-қағымда
Ұқсап тынар табытқа-темір қаңқа.
Серт берсең де мың жерден шошымасқа,
Селк етерсің айналса осы расқа:
Доңғалақтан дүние дөңгеленіп,
Қол аяқтан ажырап басы жатса!
Жыр жазғанын жұбатпас, күн кешкенің,
Не астында қалғанын гүлдестенің!
Қуанышты көңілден сырып тастар,
Құлыптас боп қарсы алса бірге өскенің.
Сенің тас жол, үрейлі сұрың, кейпің,
Сен осылай өмірді тілімдейсің.
Пәлекеттен сақта! деп бірге
Кейуаналар боп алды күбірлейтін!
Шопыр бауыр, ие бол рөліңе,
Жылжы алға жолыңа гүл егіле.
Ақсын өмір ағысы әр күн сайын
Кейуананың қосылып тілегіне.
Сәндібек Жұбаниязов,
Алматы қаласы
|