Ассалаумағалейкум, нар Кемпірбай...
Кемпірбай ақын ауырып жатқанда Әсет ақын көңілін сұрай келеді. Әуелі Әсет Кемпірбайға көңілін сұрай өлең айтады:Ассалаумағалейкүм, нар Кемпірбай,Науқасқа шипа берсін патша, құдай.Аспанға айнала ұшқан ақ сұңқарым,Кез келіп жайған торға бопсың мұндай.Науқасың меңдеу тартты дегеннен соңЖыладым бәйіт айтып үш күн ұдай.Дауысым танимысың, атым-Әсет,Мен келдім әдейі іздеп көңіл сұрай.Япырау, жауап қатпай кеткенің бе,Алашқа атың шыққан қыраным-ай?!Кемпірбай:Көңілді Әсет келді көтергелі,Болмайды кеуде шіркін жөтелгелі.Артыма бір-екі ауыз сөз тастайын,Басымды жастықпенен көтер бері!Өлсем де «Көк кептерге» бір соғайын,Қу тақтай екі ішекті әпер бері.Аузыма айрыларда сөз салмасаң,Қонғаның, өлең шіркін, бекер ме еді?Ал, енді, шіркін көмей былпылдасын,Сөзімді әшиесіз кім тыңдасын.Ішінде арғын, найман салдым айғайНе қылып, шіркін көмей, жыртылмасын.Мойынға әзірейіл салса құрықБілемін ғазиз жанның құтылмасын.Кемпірбай бұл дүниеден көшіп кетсе,Білемін енді өзімдей ұл тумасын.Суырған қынабынан наркескендей,Әр жерден қызыл тілім қылтыңдасын.Көңілімде Әсет сұрап келгенінде,Шаба алмай кәрі тарлан сылпыңдасын.Жалғасы бар...
|